Ереванда Пашинянға қарсылар мен полиция қақтығысты
ЕРЕВАН. 11 қараша. Армения астанасында премьер-министрді Никол Пашинянның отставкаға кетуге шақырған митингі бүгін де жалғасты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Қақтығыс сәрсенбі Ереванның орталығындағы Республика алаңында өтті. Полицейлер қарсылық қозғалысына қатысушыларды бұрнағы күнгідей Үкімет үйіне қарай жібере қойған жоқ. Ал сол күні премьер-министрдің кабинетіне басып кірген бұзақылар оның ішінің астаң-кестеңін шығарып, қиратып кеткен еді.
Ереван жұртының қарсылық қозғалысына шығуларына Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату үшін жасалған шарттарға Пашинянның қол қоюы себеп болды. Бұдан бұрын елдегі 17 саяси партияның лидерлері Ереванның ортасында премьер-министрден отставкаға кетуді талап ететін митингіге шақырған болатын.
«Полицияның күш салуына қарамастан, Азаттық алаңына жиналған жұрттың көптігінен алма жерге түспейтіндей болып тұр. Полицейлер мейлінше белсенділерді ұстап әкетіп жатыр. Қазір қорғаныс қалқандарын ұстап алған олар наразыларды біртіндеп тықсырып, алаңнан шығарып жіберуде. Ал митингідегілер: «Никол сатқын!» деп айқайлауды», – деп жазады басылым.
Армян сайттары әр партия өкілдерінің Пашинянды отставкаға кетуге шақырған үндеулерін жариялап жатыр.