Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш армян басқыншылығын айыптады
БРЮССЕЛЬ. 20 қазан. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Әзербайжанның бейбіт ауылдарын атқылаған армян қарулы күштерін айыптады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Бас хатшы қақтығыс қамтыған елді мекендердің барлығына жасалған шабуылдарды айыптайды. Ол тараптардың ұзақ уақыт бойы ұрысты тоқтату жөніндегі шақыруларды қабыл алмағандарына өкініш білдірді», – деді оның ресми өкілі Стефан Дюжаррик.
Гуттериш түннің жарымында Гәнжаға жасалған шабуылдың тіпті ешқандай қисынға сыймайтынын айтты. 16 қазан күні орын алған бұл атыста 13 бейбіт тұрғын қаза тапса, олардың үшеуі балалар болды.
Дюжаррик БҰҰ бас хатшысының тараптар ақылға келіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге шешім қабылдайтындарына сенгісі келетінін жеткізді.