ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Үндістанда ковидтен бір тәулікте 837 адам көз жұмды
НЬЮ-ДЕЛИ. 17 қазан. Үндістанда коронавирустан қайтыс болған адамдардың бір тәуліктегі көрсеткіші 837-ге жетті. Бұл туралы түріктің «Анадолу» агенттігі хабарлады.
«Үндістандағы жаңа коронавирус инфекциясынан өлушіліктің тәуліктік өсімі 837 адамды құрады. Жалпы өлгендер саны 112 998-ге жетті», – делінген хабарламада.
Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен сөткеде елде қатерлі инфекция жұқтырудың 62 212 жаңа жағдайы анықталған. Ковидті жұқтырып алғандардың жалпы саны 7 432 681-ге өскен. Күні бүгінге дейін 6 524 595 адам сауығып шыққан.
Worldometer интернет-ресурсының мәліметі бойынша, Үндістан әлемде COVİD-19 сырқатын жұқтырып алу жөнінен – екінші, ал содан болған кісі өлімі саны бойынша үшінші орында келеді.