Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Қарақалпақстанда Жоғарғы кеңес райысы сайланды

НӨКІС. 3 қазан. Кеше Нөкісте Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сегізінші сессиясы өтіп, онда кеңестің жаңа райысы (төрағасы) сайланды. Бұл туралы sof.uz хабарлады.

Сессияға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысып, сөз сөйледі.

Сессия отырысын Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары Атабек Давлетов ашты. Қатысушылар сессияның хатшылығы сайлап, күн тәртібі бекітті, ақсақалдар кеңесі мен есеп комиссиясының құрамын құрды.

Ақсақалдар кеңесінің шешіміне сәйкес, Камалов Мұрат Қаллибекұлы Жоғарғы Кеңестің төрағасы қызметіне ұсынылды.

Мемлекет басшысы сөзінің басында коронавирустық пандемия бүкіл әлемге сияқты елге шығын әкелгенін, бірақ бұл жағдайдан шығудың жолын іздеу керектігін атап өтті.

«Бүгін бізге Қарақалпақстан халқын, оның жері мен мүмкіндіктерін білетін, халық танитын, алуан түрлі мәселелерді шеше алатын басшы сайлау керек. Бердақ бабамыз бір даналық сөзінде:

«Халқнинг ғамини ўйлаган
Юрт ғамхўри керак менга» деген еді. Міне, бізге осындай халқының қамын ойлап, жұрт қамқоры бола алатын адам керек, – деді Шавкат Мирзиёев.

Президент қазіргі қиын-қыстау заманда көшбасшы болу оңай емес екенін және Қарақалпақстанды дамыту жөнінде басталған жұмыстар 2-3 есеге дейін жалғасатынын атап өтті.

«Мен Мұрат Камаловты көп жылдардан бері білемін, – деді мемлекет басшысы. – Біріншіден, ол адал адам, патриот. Ол қай жерде жұмыс істесе де, мен оның қарақалпақ халқының мұңын мұңдап, жлғын жоқтап жүретініне куә болдым. Бұл – ең маңызды нәрсе. Екіншісі тәжірибемен келеді. Ол әкесі Қаллибек Камалов пен марқұм Мұса Ерниязовтың жұмысын жалғастырып, халықтың көңілінен шығады деп сенемін».

Давлат рахбары Шавкат Мирзиёев бұдан әрі Мұрат Камаловтың кандидатурасымен оның адами қасиеттерін, адалдығы мен көшбасшылық қабілеттерін ескере отырып келіскенін айтты.

Бұдан кейін Жоғарғы Кеңестің депутаттары, қоғам өкілдері сөз сөйлеп, аталып отырған кандидатты қолдады.

Соңында Мұрат Камалов жасырын дауыс беру арқылы Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Айта кету керек, Қарақалпақстан Республикасы Конституциясының 80-бабына сәйкес, Жоғарғы Кеңестің төрағасы Қарақалпақстан Республикасының басшысы және ең жоғары лауазымды адамы болып табылады. Кеңес төрағасын кеңес депуттары Өзбекстан президентінің келісімімен және жасырын дауыс беру арқылы өкілеттік мерзімге сайлайды.

Еске сала кетейік, Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің бұған дейінгі төрағасы, Өзбекстан Олий Мажилисі сенаты төрағасының орынбасары, Өзбекстан қаһарманы Муса Тажетдинұлы Ерниязов биылғы 31 шілдеде 73 жасында қайтыс болған еді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button