Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Саакашвили Бакудің позициясын қолдайтынын білдірді

ТБИЛИСИ. 28 қыркүйек. Грузияның үшінші президенті Михаил Саакашвили Таулы Қарабақта жүріп жатқан ұрыс қимылдарына байланысты өз ойын білдірді. Бұл туралы «Новости-Грузия» хабарлады.

Грузияның бұрынғы президенті Оңтүстік Кавказ елдерін сыртқы күштердің араласуына жол бермеуге шақырды.

«Әзербайжан мен Армения арасындағы әскери қақтығыс бұл аймақта тыныштықтың болуы мен біздің халықтарымыздың жақсы тұрулары маңызды деп санайтын жұрттың бәріне алаңдаушылық туғызып отыр. Қазір бұдан артық құндылық жоқ. Мен мұндағы жағдайдың құбылуы мен адамдардың құрбандыққа ұшырап жатқандарын сондықтан қатты алаңдаушылықпен бақылап отырмын», – деді ол.

«Менің бұл оқиғаға қатысты позициям бұрыннан айқын және ол мемлекеттік тұтастық принципіне құрылған. Таулы Қарабақтың Әзербайжан Республикасының егемен территориясына жататыны айқын, оны енді ешкім өзгерте алмайды. Әрине, бір кездері бұл жерден қуылып кеткендер өз үйлеріне қайтып келе алады», – деп жазды Саакашвили өзінің Facebook-тегі парақшасына.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button