Тихановская белорус сақшылары әшкерелетінін айтты
МИНСК. 20 қыркүйек. Оппозиция лидері Светлана Тихановская шеруге шыққандарды қудалауларын қоймаса, оған қатысушы күштік құрылымдар сарбаздарының жеке мәліметтерін жариялайтындарын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Президенттікке бұрынғы кандидат мұны өзінің «Телеграмдағы» парақшасында атап өтті. Ол жексенбі күні Минскіде орын алған «әйелдер маршына» қатысушыларды қамауға алу фактсіне осылайша жауап берді. Күштік құрылымдар бүгін 100-ден астам әйелді алып кеткен.
Тихановскаяның айтуынша, белорус астанасында «үнсіз жүгенсіздік» орын алған. Ол «заңды және бейбіт наразылық шеруін жасап жатқан батыл әйелдерді айырым белгілері жоқ белгісіз біреулер жаппай және дөрекі түрде ұстап әкетіп жатқанын» атап өтті.
«Қамалғандардың барлығы босатылуға тиіс. Күштік ведомство қызметкерлері естерінде сақтасын: белорустар қылмыстық бұйрықтарды орындап жүргендерді паш етуге дайын. Сендерге әлі өздерің қорғауға тиісті халықтың көзіне тура қарауға тура келеді», – деді Тихановская.
Өз кезегінде елдің ішкі істер министрлігіндегілер іле-шала өздерінде құқық қорғау органдарының жеке ақпарларының сыртқа шығып кетуіне кінәлілерді анықтайтын технология бар екенін атап өтті.
Мұның алдында «Телеграмдағы» оппозициялық арналардың бірінде республика құқық қорғауу органдары қызметкерлерінің жеке мәліметтері жарияланған болатын. Олардың бірінің сілтемесінен туған уақыттары, лауазымдары, жұмыс орындары көрсетілген мыңнан астам құқық қорғаушының мәліметтері тізіміне алып барады. Екінші хабарламада ішкі істер министрлігінің «Алмаз» арнайы бөлімшесінің жеті офицерінің тіркеуге алынған жерлері, ұялы телефондары нөмірлері, туған уақыттары жайлы мағлұмат береді.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі 300-ге жуық милиционердің жеке мәліметтері Желіге президент сайлауынан кейін түскені, 250-ден аса құқық қорғаушы мен олардың туыстарының «сырттан қысымға» ұшырағандарын мәлімдеді.
Бұдан алдын РФ сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Брюссельдің Светлана Тихановскаямен ойнауы және оны Еуроодақ құрамына кіретін мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кездесуіне шақыруы Беларусьтің ішкі ісіне араласу деп атап көрсетті.