Перу президенті өзін кетірмек болған жауларын жеңіп шықты
ЛИМА. 19 қыркүйек. Перу парламенті ел президенті Мартин Вискарруды отставкаға жібере алмады. Бұл туралы «Настоящее время» хабарлады.
Импичментті 130 депуттаттың тек 32-сі ғана қолдаған. Сонымен бірге 78 депутат бұған қарсы дауыс берген.
Президентке сенімсіздік білдіру көңіл күйі жемқорлық жанжалынан туындаған. Бірқатар депутаттардың пікірлерінше, мемлекет басшысы өз туған-туыстарына мемлекеттік келісімшарттар арқылы қолдау көрсетіп келген. Төзімнің таусылуына әнші Ричард Свингке қатысты іс әсер етті. Ал президент бұл тәртіп бұзушылықтың толық тексерілуіне мүмкіндік бермеген. Мұның үстіне, Вискаррудың өз көмекшісімен сөйлесіп, оны мемлекет басшысы мен орындаушы арасында байланыс барын жоққа шығаратын өтірік жауап беруге көндіріп отырған әңгімесі аудиожазбаға түсіп қалыпты. Ол депутаттардың қолдарына тиген.
Мартин Вискаррудың өзі болса, барлық айыптауларды жоққа шығарып отыр. Ол импичмент идеясын елді дүрліктіріп, бүлдіруді көздеушілер жасап отыр дегенді айтады.