Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Венесуэлада АҚШ ұшағы атып түсірілді
КАРАКАС. 16 қыркүйек. Венесуэла әскерилері елдің үстінен ұшып бара жатқан Америка ұшағын атып түсірді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Венесуэла ішкі істер министрі Нестор Ревероль бұл ұшақтың есірткі алып ұшып бара жатқанын мәлімдеді. «Елдің Сулия штатының үстінен заңсыз ұшып өтіп бара жатқан Американың тіркеу нөмірі бар, бортына есірткі тиелген ұшақ жойылып жіберілді», – деді министр.
Ревероль сондай-ақ Twitter-ге атып түсірілген әуе кемесінің суретін жариялады.
Венесуэла әскерилері наркомафия пайдаланатын белгісіз лайнерлерді жиі атып түсіріп тұрады. Бұған дейін соңғы сондай оқиға биылғы шілде айында болған еді.