Минскіде жексенбі күні 125 белсенді қамауға алынды
МИНСК. 30 тамыз. Беларусь астанасының орталығында қарсылық акциясына шыққандар арасынан 125 адам ұсталды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Жексенбі күні Минскідегі санкция берілмеген қарсылық акциясына қатысқандары үшін Мәскеу уақытымен сағат 16:00-де 125 адам ұсталды», – деп хабарлады Беларусь ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ольга Чемоданова.
«Санкция берілмеген жаппай шараға қатысқандары үшін оларға қарсы әкімгершілік процесі басталды», – дегенді қосты ол бұған.
Бұдан бұрын ондаған манифестант Тәуелсіздік даңғылындағы қарсылық акциясы кезінде ұсталған болатын. Күштік құрылымдар мыңдаған қарсылық білдірушілерді ГУМ алаңында жан-жақтан жауып тастады. Соның кезінде милиция қоршаудан әйелдерді шығарып, даңғыл бойынан тезірек кетуді өтінді. Қарсылық акциясы содан кейін Тәуелсіздік алаңына, Жеңіс паркі айданы мен «Минск – батыр-өала» стелласына қарай жылжыды.
Бүгін таңертең қарсылық білдірушілер баррикада да жасаған болатын.
Осымен Беларусьтегі қарсылық қозғалысы қатарынан 22-ші күнге ұласып жатыр.