Тихановскаяның даусы ұрланғаны анық – сарапшылар
МИНСК. 22 тамыз. Сайлауда Светлана Тихановскаяның даусы қатты ұрланған, сондықтан Александр Лукашенко өзін президент деп атай алмайды. Волонтерлер құрған интернет-жобалар осындай щешім шығарып отыр. Бұл туралы tut.bu хабарлады.
Волонтерлер президент сайлауындағы тарды санау мен верификация жасау үшін құрған «Голос», «Зубр» және «Честные люди» интернет-жобалары өздерінің бұрнағы күні жариялаған қорытынды есептерінде осындай ұйғарымға келген. Олар әрбір үшінші сайлау учаскесінде фальсификация орын алғанын баяндап отыр.
«Қолға тиген ресми сайлау хаттамалары мен фотосуреттерді талдап шыққаннан кейінгі нәтижелер бойынша, әрбір үшінші сайлау учаскесінде қорытынды мәліметтердің ресми мәліметтерде өзгертіліп жіберілгені анықталды. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған ресми мәліметтердің учаскелердегі хаттамалардан елеулі айырмашылықтары бар; олар бойынша Александр Лукашенко Беларусьтің легитимді президенті бола алмайды, себебі, Светлана Тихановскаяға берілген дауыстардың өте көп бөлігін сайлау учаскелері ұрлап алған», – делінген есепте.
Белсенділер бүкіл Беларусь бойынша 5767 сайлау учаскесінің 1310-ның қорытынды хаттамаларын (22,7 %) өңдеп шығып, олардағы мәліметтердә «Голос» платформасы арқылы жіберілген сайлаушылар бюллетеньдері суреттерімен салыстырып қараған. Тамыздың 18-не дейін осылайша 550 мыңнан астам бюллетень суреттері жөнелтілген. Сонда есеп авторлары учаскелердегі фальсификацияның кемінде 30 пайыз болатынын анықтаған. «Голосты» пайдаланушылардың 95 пайызға жуығы өздерінің Тихановскаяға дауыс бергендерін растаған, 2 пайыздан азы барлығына қарсы шыққан, ал қалған кандидаттар, Лукашенконы қосқанда да, 1 пайыздан аз дауыс жинаған.
Үш платформа бойынша Минск қаласы (66%) мен Минск облысынан (37%) сайлаушыларды көбірек қамтудың орайы келген. Ал ең азы Гомель облысында сайлаушылдардың 18 пайызының дауыстарын анықтаудың мүмкіндігі болған. Сонда бұлардың бәрінде де Тихановская өзінің қалған қарсыластарынан өте көп алда тұрған.
«Біздің қолға хаттамалары түскен учаскелердің бәрінде Светлана Тихановскаяға дауыс берушілер бізге хаттамаларын алудың орайы келмеген учаскелерге қарағанда орта есеппен 13 есе көп», делінген есепте. Мұның бәрі басқа учаскелердің бәрінде жаппай фальсифкация жасалғанын көрсетеді.
Қолға түсіп, өңдеуден өткізілген хаттамалар бойынша Тихановская 81 пайыздан артық дауыс жинаған, демек, Орталылық сайлау комиссиясында жарияланған 588, 6 мың дауыстың 471,1 мыңы соған тиесілі болуға тиіс.
«Сайлаудағы дауысты әділ санау орын алған жағдайда шындыққа сәйкес кеелмейтін мұндай қитұрқылық болмас еді, – дейді есеп авторлары. – Яғни дауыстары өңдеуден өтпеген сайлау учаскелерінің (4457) әрбірінде Тихановскаяға орта есеппен 26 адам ғана дауыс берді деген ешқандай шындыққа жанаспайды, біздің мына есебіміз бойынша, оған әр учаскеде кемінде 360 адам дауыс берген».
Үш платформа бойынша Минскідегі сайлау учаскелерінің 59 пайызында Тихановская көп дауыс жинаған, бірақ ресми қорытындыда басқаша болып шыққан. Минск облысы бойынша да осындай шындыққа жанаспайтын есептер берілген.
Осының бәрі фальсификацияның жаппай жасалғанын көрсетеді.