Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Литва премьері Светлана Тихановскаямен кездесті

ВИЛЬНЮС. 20 тамыз. Литва премьер-министрі Саулюс Сквернялис Беларусь президенттігіне кандидат Светлана Тихановскаямен кездесті. Бұл туралы Delfi.lt хабарлады.

Премьер баспасөз хатшысы Томас Бержинскастың айтуынша, Тихановская Литва ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығына келіп, COVID-19 тестінен теріс нәтиже көрсеткесін, оқшаулағыш орнынан кетуге рұқсат алған. Оны Сквернялистің өзі де «Фейсбукте» атап көрсетті.

Кездесу барысында үкімет басшысы президентке кандидаттың бастан кешкен қиындықтарына түсіністікпен қарайтынын білдірді.

«Біз сайлау науқаны кезінде оның басына түскен қиындықтар, орасан зор жауапкершілік туралы ой бөлістік. Сондай-ақ күнделікті тіршілік жайлы да пікір алмастық. Сөз сыңайынан оның қауіпсіздігі мәселесі де шет қалған жоқ», – деп жазды литван үкіметінің басшысы.

Ол Литваның қашанда белорус халқының демократияға ұмтылуын қолдайтынын жеткізді.

19 тамызда Светлана Тихановская Еуропа кеңесіне үндеу жолдап, онда Еуропа лидерлерінің Беларусьтегі сайлау қорытындысын мойындамауларын өтінген еді.

Ал ерлі-зайыпты Валерий және Вероника Цепкло Польшада осы елдің сыртқы  Яцек Чапутовичпен кездесіп, Беларусьте қалыптасып отырған жағдайды ортаға салды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button