Түрікмен белсенділері белорус халқына қолдау көрсетті
АШХАБАД. 17 тамыз. Түрікмен белсенділері Беларусьтегі сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, қарсылық қозғалысына шықандарды қолдаған акция өткізді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.
«Түрікмен белсенділері Беларусьтегі қарсылық білдірушілерге, Минск мен басқа қалаларда аяусыз қудалауға түскендерге қолдау көрсетті, ал президент Гурбангулы Бердымухамедов, ТМД елдері лидерлерінен, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путин мен Армения премьер-министрі Николай Пашиняннан бір айырмашылығы, белорус әріптесін құттықтаған жоқ», – делінген хабарламада.
Белорус оқиғалары шетелдерде тұратын түрікмен белсенділерінің түрікмен үкіметін барынша батыл сынап, ашықтан-ашық текетеріске түсіп жатқан кезінде орын алды.
Беларусьті 26 жыл бойы үздіксіз басқарып келе жатқан Александр Лукашенко 9 тамыз күні түнде Орталық сайлау комиссиясының ұйғарымымен жеңімпаз деп жарияланды. Бұл халықтың қарсылық толқынын туғызды. Сол түннен бастап қазірге дейін елдің бас шаһары мен басқа қалаларында қарсылық қозғалысы жасалып жатыр. Шетелдерде, соның ішінде АҚШ-та, Польшада, Ресейде, Чехия мен Словакияда тұратын белорустар қарсылық акциясына шығушыларға қолдау білдірді.
Мұндай қолдау білдіруге шерулеріне сырт жақтарда тұратын түрікмен белсенділері де қосылды. Соның ішінде Нью-Йоркте өткен жиын әлем назарын өзіне аударды. Олар «Еуропаның соңғы диктаторы» Лукашенконың орнынан кетуін талап етті.
«Біз Беларусьтегі, Ресейдегі, Солтүстік Кореядағы және Түрікменстандағы, әлемнің кез келген түкпіріндегі, қазіргі 21-ғасырдағы диктатура мен тиранияға қарсымыз, бүкіл әлем сіздермен бірге», – деді түрікмен белсендісі акция кезінде.