Өзін, әйелін, үш баласын көлік ішінде өртеп жіберді
ТАШКЕНТ. 3 тамыз. Өзбекстандық бір ер кісі өз көлігінің ішіне от қойып, әйелімен бірге өзін және үш кішкентай баласын өртеп жіберген. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
Оқиға Өзбекстанның оңтүстігіндегі Шахрисабз қаласында орын алған.
1979 жылы туған ер кісі әйелімен, ұлымен (2008 жылғы) және екі қызымен (2009 және 2014 жылғы) бірге Lada көлігінің ішінде отырады. Сол жерде ерлі-зайыптылар ұрсысып қалады да, жігіт машинаның есіктерін блоктап жауып, салонға бензин құяды, сосын сіріңкені тартып жібереді…
Оқиғаны көріп қалғандар зардап шегушілерді ауруханаға жеткізеді. Қыздардың бірі көліктің ішінде-ақ жан тапсырады. Отбасының өзге мүшелері медицина мекемесіне жатқызылады.
Оқиғаның неден басталғанын отбасындағы үлкен ұл ауруханада бір есін жиған кезінде айтып береді.
Соңында бәрі де қайтыс болады.
Шахрисабз ауданының прокуратурасы 31 шілде күні болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.