Денсаулық вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды
АСТАНА. 2 тамыз. Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті жемқорлық күдігімен ұстады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Қамауға алынушыға бюджет қаржысын талан-таражға салды деген күдік таңылып отыр.
Олжас Амангелдіұлы Әбішев 1983 жылы 14 мамырда Қызылорда қаласында туған. 2004 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2005 жылы Әулиета унриверситетін бітірген. 2006, 2010 жылдары Кореяның Андонг ұлттық университетінің әуелі магистратурасын, сосын докторантурасын тауысқан. 2018 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау вице-министрі болып қызмет атқарған.
Қаржы мониторингі жөніндегі комитеттің хабарлауынша, О. Әбішев бюджет қаржысын ұрлады деген күдік бойынща қамалған. Қазір осыған байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.