Гроднода президенттікке үміткерді он мың адам қолдады
МИНСК. 1 тамыз. Беларусьтің батысындағы Гродно қаласында бүгін ел президенттігіне кандидат әйел Светлана Тихановскаяның кандидаттығын қолдаған он мың адам митингіге жиналды. Бұл туралы «Белорусский партизан» сайты хабарлады.
Президенттікке кандидат Светлана Тихановская Колож паркінде сайлаушылармен кездесті. Бұл кездесуге қаланың әртүрлі жастағы мыңдаған тұрғыны келді. Олардың арасында қарттар, орта буын өкілдері мен жастар, сондай-ақ арбаларын сүйреткен жас отбасыдары көп болды. Топта біріккен оппозициялық штабтың символикасы – ақ-қызық-ақ жалаулар мен шарлар ұстаған қауым да аз болған жоқ.
Билік Колож паркіне кіреберіске өткізу бекетін қойғандықтан, Тихановскаяны тыңдауға тілек білдірушілердің орасан зор кезегі пайда бола қалды.
Митингінің басында кандидаттың келуін күтіп тұрғандардың біразы сөз алып, елде болып жатқан жайларды талқыға салды. Сонда олардың барлығы елге өзгеріс, жаңару керек екенін, енді басқаша тұрғылары келетінін айтып жатты.
– Жас жігіттер мен қыздар, біздің балаларымыз мен немерелеріміз елден кетіп жатыр. Сонда мұнда біз жалғыз қалып, не істейміз? Мен өз балаларымның осында тұрғандарын қалаймын, – деді алдыңғы қатарда отырған бір әжей.
Алдыңғы қатарда сонымен бірге Беларусьтің іс басындағы президентінің портретін ұстап тұрған ер кісі де көрініп қалды. Өзінің есімін «Владимир» деп атаған ол мұны өз еркімен істеп тұрғанын айтты. Бірақ ыңғайсызданып қалғанына қарағанда, журналистердің өзіне айрықша көңіл бөлетіндерін білмеген сияқты. Оған жиынды жүргізуші де назар аударды.
– Мен өз өмірімнің ең маңызды сәттерінде 26 жыл бойына үздіксіз осы адамның суретін көріп келемін, – деді ол. – Бірақ бүгін оны соңғы рет көріп тұрғаныма үміт артқым келеді.
Жүргізуші осыны айтқанда, сахнадан дүркірете соғылған алақан шапаттауының даусы естілді.
Сағат 13:00 шамасы. Светлана Тихановская, Вероника Цепкало және Мария Колесникова «Муры» әнінің аясында митингі болып жатқан жерге жетті. МАИ қызметкерлері олардың көлікпен паркке жақынырақ келіп тоқтауына рұқсат етпеді, сондықтан жұрттың ортасына жаяу жүріп келді. Жұрт оларды «Света!» деп айқайлап, қол шапалақтап қарсы алды.
– Мне вельмі падабаецца Гародня. Гэта – горад каралей! – деді Светлана топқа қарап белорус тілінде сөйлеп. – У ім захавауся дух Рэчы Паспалітай і Вялікага Княства Літоускага…Дзякуй, што вы прыйшлі, што вас так шмат!
Митингіге қатысушылар оны «Жыве Беларусь!» («Өмір сүр, Беларусь!») деген айқаймен қарсы алды.
Светлана өз сөзінде саяси тұтқындар туралы айтып, олардың аты-жөндерін оқып берді, сондай-ақ солар сияқты қуғынға ұшырап жүрген тәуелсіз журналистер мен блогерлерге қолдау білдірді. Ол 31 шілде күні Молодечно мен Лида қалаларында өткен митингілер кезінде ұсталған «Белсат» журналистеріне арнайы тоқталып өтті.
– Олар біздің онлайн пикеттерімізді көрсеткендері, шындықты айтқандары, өзгерісті күтіп тұрған Беларусьте болып жатқан жағлдайларды жариялағандары үшін қамалып отыр. Бұлай болуға тиіс емес! – деді Светлана Тихановская.
Жиналғандар «Бостандық» және «Өзгеріс» деп ұрандатты.
Светлана Тихановская Гродно туралы, оның тарихи-мәдени құндылықтарын жаңғырту мен сақтауда қауқарсыздық көрсетіп отырған дарынсыз басшылары туралы біршама сөз етті. Ол сондай-ақ өзгерісті жақтаушылардың жасауға тиісті бірнеше негізгі тармақтарды атап өтті. Олардың арасында қандай жағдай болғанда да күні бұрын дауыс бермеу, бақылаушылар қатарына кіру, сайлаудың онлайн-платформасына жазылу, өз даусын қорғауға дайын болу секілді тапсырмалар бар.
Светлана президент болып сайланғаннан кейін атқаратын негізгі үш нәрсесіне тоқталды. Бірінші – саяси тұтқындарды түгел қамаудан босату. Екінші – президенттің өкілдігі мен оның басқару мерзімін шектейтін 1994 жылғы Конституцияны қайтару жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізу. Үшінші – жарты жылдың көлемінде жаңа президентті еркін және адал жолмен сайлау.
Бұдан кейін президентттікке кандидаттыққа тіркетілмей қалған Виктор Бабарико штабының өкілі Мария Колесникова сөз алды. Ол Гродноның туризмдік әлеуетіне көңіл бөлді. Мұндай шараларды елдің басқа қалаларында да жасауға болар еді.
Мария Колесникова өте екпінді сөйледі. Ол өзгерісті қалайтын жұртты өздерін басқалардан ерекшелеп көрсетіп тұру үшін қолдарына ақ білезік тағып жүруге шақырды.
– Биліктің мына драндулеті бөлшек-бөлшек болып бөлініп, өзінен өзі қирап қалады, – деді ол. – Біз міндетті түрде жеңіске жетеміз, оған сенімім мол. Себебі, халықтың басым бөлігі біздің жағымызға шықты.
Бұдан әрі диктатураның қазір қорқынышпен өмір сүріп жатқанын баяндады. Сондықтан елдің енді одан қорықпауының маңызы айрықша зор. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек, сонда ғана жеңіске жетуге болады.
Ал біріккен оппозицияның ұраны «Өмір сүруге арналған ел» («Страна для жизни») деп аталады екен.
Мұның артынша Виктория Цепкало сөз алды. Ол өзінің күйеуі Валерий Цепкалоның Гроднода туып-өскенін әңгімеледі.
– – – – Менің күйеуімнің ата-анасы өмір бойы «Гродно-Азот» зауытында жұмыс істеген, – деді ол. – Жұбайым осы қалада тұлға болып қалыптасты. Ол өзін президенттікке кандидат етіп ұсынғанда, біз Гроднодан көп қол жинадық.
Оның айтуынша, Валерий Цепкало туған қаласы тұрғындарына Светлана Тихановсканың кандидатурасын қолдауға шақырған сөзін жолдапты.
Сахнаға «Неман» спорт кешенінің директоры Виктор Шумель көтерілді. Ол өз сөзінде осының алдында Беларусь кәсіптік одақтары федерациясының райысы мен Александр Лукашенконың бастамашыл тобының жетекшісі Михаил Ордаға ашық хат жолдап, онда кәсіптік одақтардың бейтараптық сақтап, президенттікке кандидаттың бірде-біріне ашық қолдау көрсетпеуді сұрағанын баяндады.
Жиын жиналғандардың Светлана Тихановскаяның кандидатурасын толық қолдайтынын байқатты. Бұдан кейін президенттікке үміткер Волковыска және Слоним қалаларында болды. Оларда да осындай қызу қалыпты митингілер өтті. Волковыскада жаңбыр құйып тұрғанына қарамастан кездесуге үш мыңнан аса адам келді.
Беларусь жаңғырудың жарқын жолына түсті.