Елімізде індет инфекциясын жұқтырғандар 21 819-ға жетті
АСТАНА. 30 маусым. Өткен түнде Қазақстанда 492 инфекция жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 21 819-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Түнгі 23:59 сағатта есепке алынған 492 оқиға аймақтар арасында былайша бөлініске түсті:
Алматы қаласы – 59, Астана қаласы – 57, Шығыс Қазақстан облысы – 51, Қарағанды облысы – 49, Шымкент қаласы – 38, Ақтөбе облысы – 34, Батыс Қазақстан облысы – 31, Павлодар облысы – 31, Қостанай облысы – 27, Атырау облысы – 23, Солтүстік Қазақстан облысы – 22, Алматы облысы – 19, Түркістан облысы – 14, Қызылорда облысы – 11, Жамбыл облысы – 10, Ақмола облысы – 10, Маңғыстау облысы – 6.
Тәулікте Шымкент қаласы – Атырау облысының, Ақтөбе облысы – Түркістан облысының, Қостанай облысы Маңғыстау және Ақмола облыстарының алдына түсті.
Есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Астана қаласы – 3845
- Алматы қаласы – 3775
- Қарағанды облысы – 2268
- Шымкент қаласы – 1647
- Атырау облысы – 1640
- Батыс Қазақстан облысы – 1462
- Ақтөбе облысы – 862
- Түркістан облысы – 846
- Шығыс Қазақстан облысы – 793
- Павлодар облысы – 740
- Алматы облысы – 720
- Жамбыл облысы – 693
- Қызылорда облысы – 664
- Қостанай облысы – 498
- Маңғыстау облысы – 484
- Ақмола облысы – 482
- Солтүстік Қазақстан облысы – 400.
Кеше түнде қайтыс болған адамдар саны 188-ге, сауыққандар саны 13 008-ге жетті.