Бүгін елімізде індеттен 12 адам жантәсілім етті
АСТАНА. 28 маусым. Бүгін кешке 22:20 сағатқа дейін Қазақстанда коронавирус кеселінен 12 адамның қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Бұл 12-нің есебінде Атырау облысынан – 3, Қарағанды облысынан – 3, Ақтөбе облысынан – 2, Түркістан облысынан – 1, Шығыс Қазақстан облысынан – 1, Шымкент қаласынан – 1, Алматы облысынан 1 адам бар.
Көз жұмғандардың 10-ы – ер кісілер, 2-і – әйелдер. Олардың ең үлкені 1939 жылғы болса, ең кішісі 1972 жылы туған.
Осылайша қайтыс болғандардың жалпы саны 178-ге жетті.
Қазірге дейін құрбандыққа ұшырағандар мына аймақтардан шықты:
Астана қаласы – 61, Алматы қаласы – 26, Шымкент қаласы – 14, Павлодар облысы – 13, Ақмола облысы – 13, Қарағанды облысы – 13, Түркістан облысы – 9, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 6, Қостанай облысы – 3, Ақтөбе облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Маңғыстау облысы – 2, Қызылорда облысы – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысы – 1, Алматы облысы – 1.
Бұған дейін бірде-бір науқас құрбандыққа ұшырамаған аймақ Алматы облысы еді, осы жол бұл өңірден де қаза шықты.