АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Мақтаарал ауданында екі ауыл су астында қалды

ТҮРКІСТАН. 2 мамыр. Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының екі ауылын су басты. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметіне сүйенген КТК телеарнасы хабарлады.

«Бүгін, 2 мамыр таңғы сағат 04:30-да Мақтаарал ауданының шекарасындағы Орталық далалық коллекторынан (өткізу қуаты – секундына 120 текше метр) су төгіліп, «Жеңіс» және «Жаңа тұрмыс» ауылдарын су алып кеткен. Сондай-ақ облыстық мәндегі «Мырзакент – Жеңіс – Жаңа тұрмыс» тасжолын су басқан. Көлік жүруі мүмкін емес», – делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, «Жеңіс» ауылында 288 тұрғын үй, 1922 тұрғыны бар. Оның ішінде 568 ер адам, 546 әйел адам, 808 балалар мен жасөспірімдер). Сондай-ақ «Жаңа тұрмыс» ауылында 47 үй, 321 тұрғын бар. Оның ішінде 169 ер адам, 152 әйел адам, 132 балалар мен жасөспірімдер бар.Тұрғындарды эвакуациялауға 6 автобус (300 адамдық), 4 камаз (120 орындық), ТЖД 6 техника мен 36 адам, полиция бөлімінен 7 техника мен 70 адам жұмылдырылған. Мырзакент кентіндегі 4 эвакуациялық пунктте 2200 орын дайындалған.

Қазіргі таңда ауданда апаттық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button