Коронавирус: Алматы әлі де «әл бермей» келеді
АСТАНА. 2 мамыр. Алматы қаласында өткен тәулікте тағы 46 дерек тіркеліп, мегаполистегі «жаман ауру» жұқтырғандардың жалпы саны 1176-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Бүгінгі таңда республикалық көрсеткіш 3671-ке барып отыр.
Алатау баурайындағы шаһарда 17 сәуір (68), 18 сәуір (43), 19 сәуір (8), 20 сәуір (13), 21 сәуір (143), 22 сәуір (12), 23 сәуір (55), 24 сәуір (29), 25 сәуір (27), 26 сәуір (51), 27 сәуір (50), 28 сәуір (45), 29 сәуір (31), 30 сәуір (21) және 1 мамыр (186) күндері «екпін түсіп, ентігу басылатындай» кездер тым аз болған екен. Кеше тіпті жаңа «рекорд» жаңартылды.
Коронавируспен ауырушылық қалаға бас санитар болып бұрын ұйымды республикалық деңгейде басқарған Жандарбек Бекішев келгеннен кейін мұндағы ахуал «наконец» құтырып кетті.
Ал тәулік ішінде республика бойынша 167 дерек тіркелді. Демек, әлі төмендей қоятын түріміз жоқ. Еліміздің бас дәрігері Елжан Біртановтың «үш жарым мыңға барып тоқтаймыз» деген болжамынан да асып кеттік.
Сонымен, кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі 167 дерек былай бөлініске түседі: кеше сағат 12:45-те –47 дерек; сағат 17:30-да – 23 дерек, сағат 23:30-да – 30 дерек; ал бүгін таңертеңгі сағат 10:25-те 74 дерек тіркелді.
Бірінші есепте (47) Павлодар облысынан – 13, Алматы қаласынан – 10, Шымкент қаласынан – 8, Маңғыстау облысынан – 6, Жамбыл облысынан – 4, Қызылорда облысынан – 3, Қарағанды облысынан – 2, Атырау облысынан – 1; екінші есепте (23) Атырау облысынан – 6, Ақтөбе облысынан – 5, Алматы қаласынан – 3, Шымкент қаласынан – 3, Павлодар облысынан – 3, Астана қаласынан – 2, Түркістан облысынан – 1; үшінші есепте (23) Алматы қаласынан – 7, Жамбыл облысынан – 4, Ақтөбе облысынан – 4, Қызылорда қаласынан – 3, Маңғыстау облысынан – 2, Астана қаласынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1; ал бүгін таңертеңгі төртінші есепте (74) Алматы қаласынан – 46, Астана қаласынан – 16, Атырау облысынан – 15, Батыс Қазақстан облысынан – 10, Ақтөбе облысынан – 4, Ақмола облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1, Қызылорда облысынан 1 оқиға шықты.
Тәулік тәулік ішінде пайда болған 167 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 46, Алматы облысы – 22, Астана қаласы – 19, Павлодар облысы – 17, Ақтөбе облысы – 13, Шымкент қаласы – 11, Батыс Қазақстан облысы – 11, Жамбыл облысы – 8, Маңғыстау облысы – 8, Қызылорда облысы – 7, Қарағанды облысы – 3, Түркістан облысы – 1, Ақмола облысы – 1.
Бұл тәулікте «аман» кеткен Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары болды.
Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1176, Астана қаласы – 669, Қызылорда облысы – 208, Шымкент қаласы – 204, Батыс Қазақстан облысы – 163, Атырау облысы – 161, Қарағанды облысы – 152, Павлодар облысы – 146, Алматы облысы – 142, Жамбыл облысы – 140, Түркістан облысы – 128, Ақтөбе облысы – 122, Ақмола облысы – 100, Қостанай облысы – 50, Маңғыстау облысы – 57, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 23.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.