23 Қараша, 18:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

23 Қараша 2026 17:55
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 қараша. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге Қызылорда қаласының тұрғындарын қабылдады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қала тұрғындары қабылдау барысында аймақ басшысына тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша өздерін толғандырып жүрген жайттар жайында баяндап, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жеке қабылдауға 100-ден астам адам келді.

Еске сала кетейік, облыс әкімі өткен аптада барлық ауданда осындай кездесулер өткізіп, жұртшылықтың талап-тілектеріне ден қойған болатын. Аудандардағы қабылдауларда негізінен әлеуметтік, инфрақұрылымдық түйткілдерді шешу жолдары талқыланды.

Бүгінгі қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, денсаулық, жолдарды асфальттау, әлеуметтік көмек және жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, қала тұрғыны Марал ишан көшесінде қоғамдық көлік аялдамаларын көбейту, автобус тоқтайтын орынды көрсететін арнайы белгі орнату, жол бойына қоршау қою, жаяу жүргіншілер мен мал жүретін жолдарды қарастыру және көшені жарықтандыруға баса мән беруді сұрады. Қазір мұнда «РеалСтройСнаб» ЖШС қала көшелерінен алынған бұрынғы аялдамалардың бірін орнатқан.

Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен көше инфрақұрылымын жаңғырту жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. 6,8 млрд теңгенің жобасы аясында көшені төрт жолаққа дейін кеңейту, 424 жарық шамын, 10 аялдама орнату және жаяу жүргіншілер жолын салу көзделген. Мемлекеттік сатып алу конкурсында «УАД» ЖШС жеңімпаз деп танылып, қазір келісімшарт жасалуда.

Мүгедектер қоғамы ғимаратының пайдаланылмай тұрған бөлігін жөндеуден өткізуге және инватакси қызметін жетілдіру үшін қажетті автокөлік алуға қолдау сұраған облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сағатбек Сиюовтің өтініші бойынша аймақ басшысы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті тапсырма берді.

Басқарма басшылығы ғимараттың жағдайымен танысып, оны демеушілер көмегімен жөндеудің, қажетті автокөлік сатып алудың жолдарын қарастыруы тиіс.

Азаматтардың мәселелері жіті зерттеліп, шешімі заң талаптарына сүйеніп қабылданады.

 

Таңбалар: жеке қабылдауҚызылордаМұрат Ергешбаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

19.11.2026
Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік
Жаңалықтар

Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

17.11.2026
Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Жаңалықтар

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

16.11.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist