22 Қараша, 21:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр бойында «Алтын күз» мерекесі аясында ұлттық ат бәйгесі өткізілді

24 Қазан 2026 18:33
- Аймақ, Жаңалықтар
Сыр бойында «Алтын күз» мерекесі аясында ұлттық ат бәйгесі өткізілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 қазан. Бүгін Қызылордада Республика күні және «Алтын күз – 2026» дәстүрлі мерекесі аясында «Сыр маржаны – 2026» ұлттық ат бәйгесі ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бәйгені облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтай депутаты Жарқынбек Амантайұлы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары тамашалады.

Аймақ басшысы  қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен,  береке-бірлікті айшықтайтын дәстүрлі «Алтын күз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алтын күзде халқымыз егінін жинап, қамбасын толтырады. Егініміз бітік шықты деп, қуаныш тойын тойлап, ат шаптырып, бәйге береді. Дана халқымыз «Жылқы болған жерде бәйге де бар» деген. Атқа қонса, айбарланып, рухтанатын ерлеріміз үшін жылқы ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнердің тұтас бір бөлігі. Өңірімізде ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны 30 мыңға жуықтап, түрлі додаларда сынға түсіп жүр. Бүгінгі бәйгеде тұлпарлар дүбірі, шабандоздар шеберлігі көпшілікке қуаныш сыйласын! Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!», – деді аймақ басшысы.

ЖАРЫС НӘТИЖЕЛЕРІ

Тай бәйге, 5 шақырым:

ІІІ орын – Әли Мағжанұлы, Шымкент қаласы,

ІІ орын – Самат Айбар, Қызылорда қаласы,

І орын – Мақсат Дауылбай, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Құнан бәйге, 11 шақырым:

І орын – Әділжан Төлеген, Алматы облысы,

ІІ орын – Нұрасыл Өсер, Жамбыл облысы Меркі ауданы,

ІІІ орын – Санжар Бақтыбай, Алматы облысы Балқаш ауданы

Топ бәйге, 15 шақырым:

І орын – Нұрасыл Өсер, Жамбыл облысы Меркі ауданы,

ІІ орын – Болат Әлімшайқы, Алматы облысы Ұзынағаш ауданы,

ІІІ орын – Санжар Бақтыбай, Алматы облысы Қарасай ауданы

Аламан бәйге, 25 шақырым:

І орын – Ерсұлтан Тілеуғабыл, Жамбыл облысы Қордай ауданы,

ІІ орын – Ахмет Анас, Алматы облысы,

ІІІ орын – Қалилулла Тағылыталап, Атырау облысы Жылыой ауданы

Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар тапсырылды.

 

 

Таңбалар: Алтын күзбәйгеҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

19.11.2026
Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Жаңалықтар

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

16.11.2026
Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті
Аймақ

Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

14.11.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist