25 Қараша, 06:11
RAST.kz
USD USD 458.28 ₸
EUR EUR 501.45 ₸
RUB RUB 5.59 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті

24 Қазан 2026 18:08
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 қазан. Бүгін Қызылордада республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Республика күні қарсаңында Қызылорда облысында тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында бірқатар ауқымды шаралар кең қанат жаюда. Солардың бірі ретінде «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары аясында Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті өнімдерді нарықтағыдан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді.

Жәрмеңкені аралаған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр диқандарының маңдай терімен келген өнімдерді көріп, сауда алаңындағы қызу тіршілікпен танысты.

Дәстүрлі шараға өңірдің барлық аудандары мен қала шаруалары қатысып, 450 жүк көлігімен 1200 тоннадан астам өнім ұсынды. Сауда сөрелерінен Сырдың ақ күріші, Аралдың балығы мен ас тұзы, ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және бақша дақылдары орын алды. Өнімдердің нарықтағыдан төмен бағамен сатылуы тұрғындар үшін тиімді мүмкіндікке айналды.

Әр аудан жәрмеңкеге өз несібесін ала келді. Қармақшы ауданы 150 тоннаға жуық өнім жеткізсе, Жалағаш пен Сырдария аудандарының шаруалары 200 тоннадан өнім ұсынды. Аралдың балығы, Қазалының кәмпиттері, Жаңақорғанның көкөністері мен Шиелінің ауыл шаруашылығы тауарлары да тұтынушылардың сұранысына ие болды. Ал Тасбөгет кентінде Шиелі ауданының шаруалары 150 тоннадан астам өнімін саудаға шығарды.

Мұндай жәрмеңкелер ауыл еңбеккерлерінің еңбегін елге танытып қана қоймай, өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланысты нығайтады. Шаруалар өнімін тікелей саудалап, тұрғындар сапалы тауарды қолжетімді бағамен сатып алады. Бұл – жергілікті өндірісті қолдап, өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Мереке қарсаңында облыста «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары да жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда өңірдегі 31 сауда нысаны осы бастамаларға қатысып, тұтынушыларға түрлі жеңілдіктер ұсынып отыр. Атап айтқанда, «Bereke Fest» аясында 5–25 пайыз, ал «Republic Day» акциясы бойынша 10–50 пайыз аралығында жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар сауда орындарында концерттік бағдарламалар, патриоттық әндер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күй қалыптастырылуда.

Берекелі күздің шырайын кіргізген жәрмеңке мен сауда акцияларының түпкі мақсаты – халықтың тұрмысын қолдау, отандық өнімге сұранысты арттыру және ішкі сауданы жандандыру. Еңбек пен бірлікті ұлықтаған осындай бастамалар Республика күнінің мәнін тереңдете түсіп, ел игілігіне бағытталған жұмыстардың маңызын айқындайды.

Таңбалар: Алтын күз жәрмеңкесіҚызылордаөнімдер

Ұқсас мақалалар

Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді
Аймақ

Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

23.11.2026
Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

19.11.2026
Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Жаңалықтар

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

16.11.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.28 ₸
EUR EUR 501.45 ₸
RUB RUB 5.59 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist