22 Қыркүйек, 15:09
RAST.kz
USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

19 Қыркүйек 2026 20:06
- Әлеумет, Жаңалықтар
Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. Алматы қаласының күніне орай оңтүстік мегаполистің бір топ танымал тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы тапсырылды. Бұл туралы aqshamnews.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды алматылықтарды Қала күнімен құттықтап, айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған Alma Qala Fest фестивалін ашты.

Қала тұрғындары мен қонақтары LED-экраннан жаңарып, көркейіп келе жатқан әсем Алматының жетістіктерін тамашалады.

«Алматы қаласының тарихи орны айрықша мәнге ие. Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Соңғы уақытта алматылықтар Қазақстанда өткен халықтық Конституцияны қабылдау, Ұлттық Құрылтай сайлауы секілді ірі саяси реформаларды белсенді қолдады», – деді қала басшысы.

«XXI ғасыр – мегаполистер дәуірі. Алтын қала өмір сүруге қолайлы орта, бизнеске қолайлы ахуал, туристер үшін жасалған жағдай және зияткерлік стартаптарға берілетін мүмкіндіктер арқылы бәсекеге түседі. Басқаша айтқанда, әлемдік бәсеке қалалар деңгейіне ауысты», – деді Дархан Сатыбалды.

Мэр уақыт өте келе талаптың күшейе түсетінін атап өтіп, қала тұрғындарын Алматыны бірге дамытуға және көркейтуге шақырды.

Салтанатты іс-шара барысында Дархан Амангелдіұлы шаһардың дамуына ерекше із қалдырған көрнекті азаматтарды марапаттап, олардың Алматының қалыптасуы мен өркендеуіне қосқан үлесін атап өтіп, қала тұрғындарының атынан алғыс білдірді.

«Құрметті алматылықтар, өздеріңіз білетіндей, қаламыздың дамуына үлес қосқан азаматтарға берілетін «Құрметті азамат» атағы бар. Алматыда біраз уақыт бойы бұл құрметті атақты беру тоқтатылған еді. Биылдан бастап «Қаланың Құрметті азаматы» атағын тапсыруды қайта жаңғырттық. Осыған байланысты бүгін қаламыздың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар тұрғынды марапаттап отырмын», – деді дуанбасы.

Осы жолы «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына қол жеткізгендер қатарында бұрынғы партия-кеңес қызметкері Гайникен Бибатырова, көрнекті құрылысшы-инженер Клара Летникова, танымал кескіндемеші-суретші Амандос Ақанаев, сарабдал сәулетші Орысбай Баймырзаев, тәжірибелі дәрігер Орынбай Дайырбеков, ғалым-хирург Болатбек Баймаханов, «Алматылифт» ЖШС директоры Қалдыбай Қазанбаев, «Алматы тазалық» МКК бас инженері Александр Кин, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, атақты жеңіл атлет Әмин Тұяқов, көрнекті скрипкашы, дирижер әрі композитор Мұрат Серкібаев бар.

Осындай мәртебелі марапатқа ие болғандар арасынан «Алматылифт» ЖШС директоры Қалдыбай Қазанбаев пен Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет» ордендерінің иегері Клара Летникова сөз сөйлеп, қала тұрғындарына алғыс білдірді. Олар Алматы қаласында ерекше рух бар екенін атап өтті.

«Президенттің Алматыда туғанына ғана байланысты емес шығар, әкім айтқандай, бізде алматылық рух бар. Ол әрдайым қаламызды көркейтуге көмектесіп келеді. Барлық алматылыққа амандық пен бақыт тілеймін», – деді Қалдыбай Қазанбаев.

«Бүгін, осынау мерекелі күні, құрметті алматылықтар, сіздерге зор алғысымды білдіремін. Қаламызды тартымды орталыққа айналдырған – өздеріңіз. Мен 23 жыл бойы осы қаланы дамыту және көркейту жұмыстарына тікелей атсалыстым. Бірақ бір күні осы сахнада тұрып, «Алматы қаласының Құрметті азаматы» деген жоғары атаққа ие боламын деп ешқашан ойлаған емеспін. Меніңше, бұл жай ғана марапат емес, сонымен бірге көпжылдық тәжірибемді жастарға жеткізуге, бөлісуге үлкен серпін береді. Қаламызды алдағы уақытта да бірге дамытып, көркейте берейік», – деді Клара Летникова.

Алматының тарихы – оның көрікті көшелері мен зәулім ғимараттарының тарихы ғана емес. Бұл осы қалаға бар жүрегімен қызмет еткен адамдардың тарихы. Ал «Құрметті азамат» атағы – сол еңбектің қоғам алдындағы жарқын мойындалуы.

Салтанатты кештің сәнін Алтынбек Қоразбаев, Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Сейдоллаұлы және Мәдина Сәдуақасова секілді отандық эстрада жұлдыздарының концерті келтірді.

Айта кететін жайт, Alma Qala Fest фестивалі екі күнге созылып, ертең аяқталады. Қазіргі таңда қаладағы Абай алаңында «Алма аймағы», «Шеберлер қалашығы», балалар және крафт ойындар аймағы, AI & ROBOT ZONE және фуд-корт жұмыс істеп тұр.

Таңбалар: Алматы қаласыатақҚұрметті азамат

Ұқсас мақалалар

Дархан Сатыбалды қала көшелерінде атқарылып жатқан жұмыстарды барып көрді
Әлеумет

Дархан Сатыбалды қала көшелерінде атқарылып жатқан жұмыстарды барып көрді

04.09.2026
Кадыров өзінің үлкен ұлы – Ахматқа да «Шешенстан батыры» атағын берді
Жаңалықтар

Кадыров өзінің үлкен ұлы – Ахматқа да «Шешенстан батыры» атағын берді

08.08.2026
Алматының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды
Аймақ

Алматының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды

24.05.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

  • СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…

  • Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

  • Сырдария өзенінің Қызылорда тұсындағы арнасына тағы бір көпір салынады

  • ЖЫР ӘЛЕМІНДЕГІ ШАҺЗАДА

  • Ресейде 25 жыл ішінде барлық мектептердің жартысына жуығы жабылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist