23 Қараша, 03:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті заманауи жаңа факультет ашты

11 Қыркүйек 2026 21:36
- Жаңалықтар, Қайнар
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті заманауи жаңа факультет ашты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 11 қыркүйек. Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект деп аталатын заманауи жаңа факультеттің ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы университет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz  хабарлайды.

«Заманауи технологиялардың заманы дәуірлеген уақытта құрылған факультет жаңа буын педагогтарын даярлауды мақсат етеді», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты қазақ жоғары оқу орындарының қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде де түрлі игі бастамалар қолға алынды. Негізгі идея жаңа заман талабы қойып отырған тәуекелдерге дайын бола отырып, заманауи әрі инновациялық тұрғыдан ойлайтын жаңа буын педагогтарын қалыптастыруға саяды. Осы мақсатта жаңадан ашылған ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің тұсауы салтанатты түрде кесіліп, студенттерге есігін айқара ашты.

Жиынды ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп жаңа факультеттің құрылуы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектіні ел дамуының басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Біз студенттерге жаңа, заманауи білім беруіміз керек. Соңғы жылдары университетте жасанды интеллектке бағытталған ғылыми жобалар көбейді. Демек, жаңа факультет өз жұмысын енді ғана бастап отырған жоқ. Оның сүйенетін ғылыми негізі, жинақталған тәжірибесі, білікті мамандары жеткілікті. Әрине, жасанды интеллект мұғалімнің орнын алмастырмайды. Бірақ, біз оны көмекші құрал ретінде пайдалануға үйретеміз әрі заманауи технологияларды меңгерген педагог мамандарды даярлаймыз», – деді Болат Әнапияұлы өз сөзінде.

Тұсаукесер рәсімінде жаңа факультеттің мақсат-міндеттері айқындалып, академиялық құрамы таныстырылды және мүмкіндіктері ашып көрсетілді. Жаңа буын педагог мамандарды даярлауға қатысты материалдық-техникалық база мен түрлі зертханалар көзқуанышына айналды.

Қазіргі таңда факультетте 4 білім беру бағдарламасы бойынша 810 студент білім алуда. Оның ішінде IT және жасанды интеллект бағытына 300-ге жуық білім алушы қабылданған. Құрылым жасанды интеллект және машиналық оқыту, бағдарламалық инженерия, ақпараттық жүйелер, киберқауіпсіздік, деректерді талдау және Data Science, робототехника және интеллектуалды жүйелер, цифрлық педагогика, генеративті жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар салалары бойынша жұмыс істейді.

Жаңа факультеттің басты ерекшелігі IT саласындағы білімді педагогикалық бағытпен ұштастырып, ЖИ жауапкершілігін меңгерген цифрлық мұғалімдерді даярлап шығаруға негізделмек.

Таңбалар: Абай университетіжаңа факультетжасанды интеллект

Ұқсас мақалалар

Зерттеушілер: Қытай Ресейді соғыста ЖИ технологиясымен қамтамасыз етіп отыр
Жаңалықтар

Зерттеушілер: Қытай Ресейді соғыста ЖИ технологиясымен қамтамасыз етіп отыр

09.07.2026
Украина Palantir-мен бірге соғыс сорабына жасанды интеллект енгізеді
Жаңалықтар

Украина Palantir-мен бірге соғыс сорабына жасанды интеллект енгізеді

12.05.2026
Абай университеті Гонконг университетімен ынтымақтастықты нығайтады
Жаңалықтар

Абай университеті Гонконг университетімен ынтымақтастықты нығайтады

17.09.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist