5 Қыркүйек, 13:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған облыстық форум өтті

4 Қыркүйек 2026 20:24
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған облыстық форум өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қыркүйек. Қызылордадағы «Достық үйінде» 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыстық форум ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру және қазақ тілінің заманауи кеңістіктегі қолданысын кеңейту мәселелеріне арналған форум «Тіл. Бірлік. Болашақ.» деп аталатын тақырып аясында өріс алды.

Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін жетілдіру, өңірдегі тілдік ортаны дамыту, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып отырған кезеңде қазақ тілінің жаңа мүмкіндіктерін талқылау болды.

Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары мен тіл мамандары, мемлекеттік органдардың тіл саласына жауапты қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, этномәдени бірлестіктер, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынды сөз сөйлеп ашқан облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі орнына тоқталып, тіл мәселесі тек тіл саласының мамандарына ғана қатысты емес, барша қоғамға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

«Мемлекеттік тіл – халқымыздың рухани тұтастығын айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Оның қолданыс аясын кеңейту тек белгілі бір салаға жүктелетін міндет емес. Бұл – мемлекеттік органдардан бастап, білім беру, мәдениет, ақпарат, бизнес және қоғамдық ортаға дейінгі барлық бағытты қамтитын ортақ жұмыс. Тілдің дамуы – ең алдымен оның қолданысына байланысты. Қазақ тілінде сапалы контенттің көбеюі, мемлекеттік тілдегі қызметтердің қолжетімді болуы, жастардың қазақ тілін заманауи технологиялармен қатар меңгеруі – тілдің өміршеңдігін қамтамасыз ететін негізгі бағыттар. Әсіресе жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар дәуірінде қазақ тілінің мүмкіндігін кеңейтуге ерекше назар аудару қажет», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Форум барысында мемлекеттік тілдің медиа кеңістіктегі орны, оның жастар тәрбиесіндегі рөлі, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілінің даму мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абайбек Жүнісов мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы қоғамдық бастамалар мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы ой-пікірін ортаға салды.

Сонымен қатар, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов мемлекеттік тілдің бұқаралық ақпарат құралдарындағы қолданысы мен медиа кеңістіктегі тіл мәдениетіне тоқталса, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Жақсыгүл Тоғанова жастарға тіл үйрету, білім беру үдерісінде мемлекеттік тілдің беделі туралы айтты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев жасанды интеллект технологияларын дамыту жағдайындағы қазақ тілінің мүмкіндіктері жөнінде баяндама жасады.

Форум соңында мемлекеттік тілдің дамуына, оның қоғамдық ортадағы қолданысын кеңейтуге және тіл мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға Ғылым және жоғары білім министрінің «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс хаты», сондай-ақ облыс әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылды. Сонымен қатар қазақ тілін дамыту бағытындағы еңбегі мен жетістіктері үшін түрлі саладағы үздік ұйымдарға арнайы номинациялар табыс етілді. Атап айтқанда, «Көрікті жарнама – көркем атау», «Үздік қазақ тілді тасымалдау қызметін көрсету мекемесі», «Үздік қазақ тілді медициналық қызмет көрсету мекемесі», «Үздік қазақ тілді байланыс қызметін көрсетуші мекеме», «Үздік қазақ тілді коммуналдық қызмет көрсету ұйымы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Аталым жеңімпаздары арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Таңбалар: Қызылордамемлекеттік тілтілдер форумы

Ұқсас мақалалар

«Roca Group» компаниясының өндірістік жобалары талқыланды
Дәулет

«Roca Group» компаниясының өндірістік жобалары талқыланды

03.09.2026
Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады
Жаңалықтар

Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады

28.08.2026
Қызылордада Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
Әлеумет

Қызылордада Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті

28.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist