5 Қыркүйек, 07:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бернлидің» бас бапкері матчтан кейін Дастан жайындағы ойын ортаға салды

3 Қыркүйек 2026 22:05
- Жаңалықтар, Сайыс
«Бернлидің» бас бапкері матчтан кейін Дастан жайындағы ойын ортаға салды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕРНЛИ. 3 қыркүйек. Қазақстандық 18 жастағы жұлдыз Дастан Сәтбаев «Мидлсбромен» өткен соңғы матчтағы ең үздік ойыншы атанды, команда коучы ол жайында өз ойын айтты. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Бернлидің» бас жаттықтырушысы Ники Хайен команданың Чемпионшиптің 4-турында өз алаңында «Мидлсбромен» өткізген матчынан кейін Дастан Сәтбаев жөніндегі өз ойын ашық білдірді.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Онда меймандар бірінші таймда бірінші болып есеп ашты. Екінші таймның басында алаң иелері таразы басын теңестірді.

Дастан Сәтбаев «Бернлидің» сөрелік құрамында алаңға шығып, 81-минутқа дейін өз өнерін көрсетті. Кейінірек ол матчтың ең үздік ойыншысы болып танылды.

Burnley Express басылымының журналисі Мэтт Скрафтон ойыннан кейін клубтың бас жаттықтырушысы Ники Хайеннен сұхбат алды.

Журналист: Мен сіздің жекелеген тұлғалар жөнінде тым көп тоқталып әңгіме айтқанды қаламайтыныңызды жақсы білемін, бірақ біз Дастанды осы жерде тағы еске алып өтуге міндеттіміз – оның өнері тағы керемет әсер қалдырды, ол матчтың үздік ойыншысы атануға шынында еңбек сіңірді. Сіздіңше, ол командаға нақты қандай пайда әкелді?

Ники Хайен: Иә, ол өте көп күш жұмсап, тиімді ойын өрнегін көрсетті. Мен үшін сенің жасың егер 18-де болса да бәрібір, менің жасқа түкіргенім бар. Сен жасың 35-те немесе 18-де болсын, егер командаға күш-қуат пен тиімділік әкеле алатын болсаң, барлық уақытта ойнай беретін боласың. Міне, ең бастысы осы. Бірақ біздің қазір жасап жүргеніміз – шынында кәсіпқой футбол дегеннің не екенін білетін және жас жігіттерді соңдарынан ерте алатын тәжірибелі ойыншылардың жақсы миксі және тепе-теңдігі болып табылады. Біз осыны қалаймыз. Мен оларға футболды қалай ойнау керек екенін үйеткім келмейді, бірақ ересек жігіттер жастарға бағыт беріп, қалай ойнау керек екенін, жұмыс нашар жүріп жатқан кезде де, мысалы, қалай ұтысқа жетуге, менталитетті қалай сақтауға болатынын айта білулері тиіс. Осындай сәтте жастар ойынға күш-жігер мен тиімділік әкеліп, соның ішінде үлкендерге де үлгі көрсетіп жатса, тіпті қатып кетеді. Егер осы нәрселердің бәрінің басын біріктіре алсақ, бізден күшті команда шығады. Мен алдағы уақытта жағдайды күрт жақсартатынымызға, әсіресе, бүгінгі екінші таймнан кейін бетбұрыс жасай алатынымызға 100 пайыз сенемін. Мен бұрын да айтып өткенімдей, соншалықты орасан зор төзімділік көрсетуді сұрамаймын, себебі футболдың қалай құрылатынын жақсы білемін, бірақ… өздеріңіз көріп тұрғандай, ілгері жылжу ақырын жүріп жатыр, енді.. сол бағытта жұмыс жасай береміз.

Бас жаттықтырушы бұл жерде командаластарын Дастанның алға сүйреп келе жатқанын атап өтті.

Енді алдағы сенбі, 5 қыркүйек күні Дастан Сәтбаев «Бернли» сапында бесінші рет алаңға шығуы мүмкін. Бұл күні команда «Бристоль Ситиді» өз алаңында қабылдайды.

 

Таңбалар: БернлиДастан СәтбаевНики Хайен

Ұқсас мақалалар

«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді
Жаңалықтар

«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді

01.09.2026
«Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті
Жаңалықтар

«Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

29.08.2026
Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist