БЕРНЛИ. 29 тамыз. «Бернли» клубының жанкүйерлері команда қонақта «Норвичтен» 1:4 есебімен жеңіліп қалғанына қарамастан, Дастан Сәтбаев жайында өте жақсы пікірлер айтып жатыр. Бұл туралы amanvibe.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Бернли» жанкүйерлері команда Чемпионшиптің 3-турында сырт алаңда «Норвичтен» 1:4 есебімен жеңілгеннен кейін қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың ойынын белсене талқылауға кірісті.
Қазақстандық 18 жасар форворд осы жолы бірінші рет матчтың басынан алаңға шығып, ол аяқталғанша ойнады. Команда ірі есеппен ұтылып қалғанына қарамастан, Flashscore сайтының болжамы бойынша, Дастан жоғары баға – 7,6 балл алып, өз командаластары арасында алдыңғылар сапынан көрінді.
Әлеуметтік желіде «Бернлидің» көптеген фанаттары қазақ футболшысының өнеріне жоғары баға беріп, оның белсендіділігі мен ойынды қыздыруға деген ұмтылысын атап өтті. «Дастан шын мәнінде де біздің команданың ең үздік ойыншысы! Әріптестері оған өте жас деп қарамай, ұдайы доп беріп, сенулері тиіс. Өкініштісі, көпшілігі соны түсінбейді», – деп жазды бір жанкүйер. «Дастан керемет ойнады», – деп атап өтті екіншісі. «Сәтбаев барлық жерден көрінді. Тек сен әлдене жасамақшы болып талпынып жатқанда, басқалардан қолдау таппағаның қиын», – деді тағы бірі.
Қазір «Бернли» 3 турдан кейін 1 ұпаймен 21-орында келеді.
Команданың бас жаттықтырушысы Никки Хайен кездесуден кейін жал негізінде ойнап жүрген қазақстандық жас талант жөнінде өз ойын білдірді. «Бүгін сіздер Дастан Сәтбаевты толық көрдіңіздер – 18 жасар футболшы алаңдағы ең үздік ойыншы болды. Егер өзіне міндет арқалай алатын басқа да ойыншылар болғанда қатып кететін еді. Сіздер Дастанның ойынға әкелген лебін көрсеңіздер, ол команда үшін күресіп, алаңдағы әрбір ойыншы жасауға тиісті нәрселерді істеді», – деді ол.
USD




