21 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді

5 Тамыз 2026 21:30
- Жаңалықтар, Сайыс
Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ГОНКОНГ. 5 тамыз. Англияда «Челсидің» бас жаттықтырушысы Хаби Алонсоның қазақ шабуылшысы Дастан Сәтбаев жөніндегі ойы ашып көрсетілді. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Британияның The Chelsea Chronicle мәтбұғаты Лондонның «Челсиінің» Туриннің «Ювентусымен» өткізген жолдастық кездесуінің бағасын беріп, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаевты жеке атап көрсетті.

Матч Гонконгте маусым алды дайындық шеңберінде өткізілді. Онда итальян командасы бір доп айырмасымен жеңіске жетті, есеп – 1:0.

Қазақстандық жас жұлдыз ойынға 65-минутта қосылды, ол ағылшын вингері Байноу-Гиттенс Жуниорды алмастырды. Осы уақыттың ішіндегі қимыл-әрекеттері үшін ол статистикалық порталдың 10 балдық өлшемінің 7,0 деген көрсеткішіне ие болды.

Басылым авторлары біздің шабуылшының қатысуымен орын алған ең қауіпті сәттердің бірін атап өтіп, оның айып алаңының сыртынан қақпаға қарай доп тепкен кезін суреттеді, сонымен қатар Хаби Алонсоның оған деген ойын білдірді.

«Ол 83-минутта айып алаңы сызығы бойынан жақсы соққы жасады, алайда дарбаза құлпын ашуға оның зарпының күші жетпеді. Соған қарамастан, Сәтбаевтың қысқа мерзімге алаңға шығуы Хаби Алонсоның қазақстандық форвардты шын мәнінде де жоғары бағалайтынын тағы бір мәрте айқындап береді», – деп жазады авторлар.

«Ювентуспен» өткен матч Дастан Сәтбаевқа өзінің жаңа маусымға дайындығының деңгейін көрсетуі үшін берілген тағы бір сынақ мерзімі болды. Уақыттың шектеулі болғанына қарамастан, ол тағы да шабуылда белсенді қимылдарымен көзге түсіп, британиялық басылымның оң бағасын алды, оған сондай-ақ бас жаттықтырушы Хаби Алонсо тарапынан да жақсы көзқарас байқалды.

Айтқандай, осы матчта өзінің көптен бергі кумирі, украин жартылай қорғаушысы Михайло Мудрикпен бірге ойнады.

Еске сала кетейік, Дастан Сәтбаев Сиднейде жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерс» командасымен өткен бірінші жолдастық кездесуде (6:4) бірінші болып есеп ашып, 7,6 деген балға ие болып еді. Лондонның келесі командасы – «Тоттенхэм Хотспурмен» арада орын алған екінші ойында (0:1) Flashscore порталының 6,3 деген балына қол жеткізді.

Айта кетейік, Англия Премьер-лигасының биылғы 2026/2027 жылғы маусымдағы чемпионаты 21 тамыз күні басталады. Бірінші тур ойындары 24 тамызға дейін созылады. «Челси» осы күні Лондонның тағы бір командасы – «Вест Хэммен» қарсыластар алаңында кездесседі.

Тағы бір айтатын жайт, тамыздың 12-сі күні Дастан Сәтбаевтың жасы 18-ге толады. Осы күні оның «Челсимен» жасасқан контрактісі өзінің заңды күшіне енеді. Осы күні ол сондай-ақ клубтың ресми құрамына енгізіледі.

 

Таңбалар: Дастан СәтбаевкөзқарасХаби АлонсоЮвентус

Ұқсас мақалалар

Белгілі инсайдер Дастан Сәтбаевтың «Бернлиге» жалға берілетінін растады
Жаңалықтар

Белгілі инсайдер Дастан Сәтбаевтың «Бернлиге» жалға берілетінін растады

15.08.2026
Дастан Сәтбаев ресми түрде «Челсидің» ойыншысы болып бекітілді
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев ресми түрде «Челсидің» ойыншысы болып бекітілді

14.08.2026
Бүгін Дастан Сәтбаев 18-ге толды: енді «Челсидің» заңды ойыншысы атанады
Жаңалықтар

Бүгін Дастан Сәтбаев 18-ге толды: енді «Челсидің» заңды ойыншысы атанады

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist