22 Шілде, 07:07
RAST.kz
USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда

10 Шілде 2026 20:17
- Аймақ, Жаңалықтар
Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЖАЛАҒАШ. 10 шілде. «Harvest Agro» компаниясы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында агроөнеркәсіптік кластер жобасын қарқынды жүзеге асыру арқылы аты шықты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде егіс алқаптарын аралады. «Харвест Агро» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және соя өсіру, оларды қайта өңдеуге бағытталған агроөнеркәсіптік кластер жобасының қазіргі жай-күйімен танысты.

Жобаға Қаракеткен ауылдық округінен 22,5 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Оның 5 мың гектарына жүгері, 2 мың гектарына мақсары егілген, 142 жаңбырлатып суару қондырғысы жұмыс істейді. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жылына 60 мың тоннаға дейін техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері және 20 мың тонна соя өңдеуді жоспарлап отыр.

Өндірілген өнім ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де экспортталады.

Қазіргі таңда оған 26,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 100 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген. Егіске және өндірістік жұмыстарға 50 техника жұмылдырылған.

Жер көлемін, су пайдалану лимитін ұлғайту, жаңбырлатып суару жүйесін енгізу, электр желісін тарту және жоба-сметалық құжаттарды әзірлеу қолға алынған.

Айта кетейік, биыл өңірде жалпы 185,8 мың гектарға егін, оның ішінде дәнді дақылдар 89,7 мың гектарға, майлы дақылдар 6,1 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 16,8 мың гектарға егілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда, күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылды. Биыл 70 мың гектарға күріш егіліп, суға бастырылды. Оның 31,3 мың гектары үстеп қоректендіріліп, 53,3 мың гектары арамшөптерге қарсы өңделді. Қазір 19,8 мың гектары түптену, 46,2 мың гектары түтікке шығу, ал 4 мың гектары масақтану кезеңіне өтті.

Таңбалар: Harvest Agroагроөнеркәсіптік кластерЖалағашҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды
Аймақ

Қызылордада қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

15.07.2026
Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті
Жаңалықтар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті

13.07.2026
Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды
Әлеумет

Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды

10.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

    Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

  • Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады

  • Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

  • Қызылордада қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

  • ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

  • Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады

  • Кахетиде ресейлік әйелді ұрған жергілікті азамат қамауға алынды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist