22 Шілде, 09:07
RAST.kz
USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ожаров: Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қылмыс 10 пайызға азайды

9 Шілде 2026 23:20
- Аймақ, Жаңалықтар
Ожаров: Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қылмыс 10 пайызға азайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 шілде. Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, қылмыс деңгейі 10 пайызға төмендегенін мәлімдеді. Бұл туралы Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық сақталып, қылмыс деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 10 пайызға төмендеген. Профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, есепте тұрған 1500-ден астам азаматпен мобильді топтар жұмыс жүргізген. Соның нәтижесінде аса ауыр қылмыстар, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық және қорқытып алу деректері айтарлықтай азайған.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров осылай деді.

«Қылмыстың алдын алу – прокуратура қызметінің негізгі басымдығы. Біз тек құқық бұзушылықты ашуға емес, оның орын алуына жол бермеуге басымдық беріп отырмыз. Осы бағыттағы кешенді шаралардың нәтижесінде өңірдегі қылмыстық ахуал тұрақталып келеді. Прокурорлар заңсыз шешімдерге жол бермей, 38 процессуалдық шешімді келісуден бас тартқан, 14 азамат уақытша ұстау изоляторынан босатылған. Тергеу сапасын арттыру үшін мыңнан астам нұсқау беріліп, заң бұзушылықтарға жол берген 310 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Ризабек Кәрімұлы.

Сонымен қатар өңірде цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда. «IT TERGEU», «Смарт браслет», «Киберволонтер», «Қылмыссыз өңір» жобалары іске асырылып, қылмыстық процесті цифрландыруға арналған «TERGEU PRO» жүйесін енгізу қолға алынған.

Прокурор интернет-алаяқтыққа қатысты заңнамалық өзгерістерге де тоқталды. Дроперлік қызмет үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгеннен кейін облыста 16 адамға қатысты айыптау үкімі шыққанын айтып, тұрғындарды өздерінің банктік деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Есепті кезеңде прокуратура органдары 28 тексеріс жүргізіп, 266 мыңнан астам азаматтың, 5700-ден астам кәсіпкердің және 56 мыңнан астам кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғаған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз қоқыс орындары жойылып, қоғамдық орындарды ластаған азаматтар жауапкершілікке тартылған.

«Прокуратураның басты міндеті заң үстемдігін қамтамасыз етіп, әр азаматтың құқығын қорғау. Алдағы уақытта да қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, кәсіпкерлер мен тұрғындардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады, – деді Ризабек Ожаров.

Сондай-ақ облыс прокуроры тұрғындарды прокуратура құзыретіне қатысты мәселелер бойынша әр аптаның сейсенбі күні жеке қабылдауға дайын екенін жеткізді.

 

Таңбалар: Қызылорда облысықылмыс деңгейіРизабек Ожаров

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысында «Қарлан» көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Қарлан» көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

20.07.2026
Сыр бойында «Turgyndar amanaty» партия жобасымен форум өтті
Аймақ

Сыр бойында «Turgyndar amanaty» партия жобасымен форум өтті

12.05.2026
Қызылорда облысының жаңа әкімі құрылыс нысандарымен танысты
Аймақ

Қызылорда облысының жаңа әкімі құрылыс нысандарымен танысты

11.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

    Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

  • Әлемжеліде Путиннің 2026 жылғы 19 шілдеде өмірден өтетіні жайлы хабар тарады

  • Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

  • Қызылордада қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

  • ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

  • Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады

  • Кахетиде ресейлік әйелді ұрған жергілікті азамат қамауға алынды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 469.59 ₸
EUR EUR 536.22 ₸
RUB RUB 5.96 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist