АСТАНА. 31 мамыр. Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оны көңілдестерімен қоса суреттеген кітап жазып шыққанын жария етті. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман бұрынғы жұбайының ықтимал көңілдестері жайлы ақпаратты кіргізе отырып, оның жеке басының құпияларын жан-жақты ашып көрсететін кітапты жарыққа шығаруға дайындап жатқанын мәлімдеді», – делінген Zakon.kz хабарламасында.
Назым бұл жайлы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде жазды.
Жарияланымда Қаһарман аталған адамдардың кейбірінің аты-жөндері кітапта еш өзгеріссіз сол қалпына берілетінін ашып айтты. Ол сондай-ақ жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді таратып жіберуіне байланысты әлдекімдермен соттасып жүрудің алдын алу мақсатында заңгерлермен әбден ақылдасып алғанын баяндап, өзінің сөздерін айғақтайтын материалдарды скриншот түрінде көшіріп алып қойғанын жеткізді.
«Менің бұрынғы күйеуімнің көңілдестері, мына Reels сіздер үшін және сіздер туралы. Сіздер менің кітабыма кірдіңіздер жән өз аттарыңызбен көрінесіздер. Күзде тұсаукесер өтеді. Мен сіздерге ештеңе жазған емеспін және шаштарыңызды жұлған да жоқпын (бірақ бұл менің сіздер туралы ештеңе білмейтініме айғақ бола алмайды), мен өзімнің бұрынғы күйеуіммен таза сіздерге байланысты есеп айырысып отырмын. Дегенмен көңілдес әйелдердің өздері де әйелі бар еркекпен қарым-қатынас орната отырып, өз таңдауларын жасап алады. Әлдекімнің кітабына еніп кету – жақсы нәрсе емес. Мен олардың барлығын ата-тектерін алып тастап, тек аттарымен қалдырдым», – деп жазды Қаһарман.
Оның айтуынша, автордың нақтылы өмірі көркем ойдан шығарушылыққа алып баратыны жайлы кітап автофикшн жанрында жазылатын болады. Қазір оның қолжазбасы бір баспада жатыр, ал оның басылып шығуы 2026 жылғы күзге белгіленіпті.
USD




