КИЕВ. 27 мамыр. Украина Қарулы күштері Беларусь тарапынан өз еліне тікелей агрессия жасала қалса, бірден соққы берілетін нысандарды да анықтап қойды. Бұл туралы Delfi.lv ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мәтбұғаттың мәліметінше, ондай стратегиялық маңызды ғимараттар қатарында алғашқы 500 нысан бар.
Ұшқышсыз жүйелер күштерінің қолбасшысы Роберт (Мадяр) Бровди осыған қатысты Беларусь президенті Александр Лукашенкаға алдын ала ескерту жасады.
«Алғашқы 500 нысан қазірдің өзінде белгілі. Тегін және өте практикалық кеңес: Украинаның көзіне ілігіп жүрмеңіз», – деп жазды Мадяр Telegram-да.
Сондай-ақ, SBS командирі украиндарды төзімділікті сақтауға, қорғаныс күштеріне сенуге және әуе дабылдарына жауап беруге шақырды.
Сәуірде Украина президенті Володимир Зеленський Ресей Беларусьті Украинаға қарсы соғысқа «тағы бір рет» тартуға тырысады деп мәлімдеген еді. Ал Лукашенканың өзі бұған дейін соғысты қаламайтынын, бірақ Украина Беларуське шабуыл жасаса, оның жеріне басып кіруге дайын екенін айтқан.
Айтқандай, осыдан аз ғана күн бұрын Франция президенті Эммануель Макрон Беларусь президенті Александр Лукашенкаға арнайы қоңырау шалып, Путиннің «айтағына» еріп, Украинаға бір бүйірден тікелей соққы беріп жүрмеуді қатаң ескерткен болатын.
USD




