25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мамандығын мақтан тұтатын мұғалім

3 Ақпан 2026 09:30
- Жаңалықтар, Қайнар
Мамандығын мақтан тұтатын мұғалім
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Мектеп табалдырығын аттағанда, қоңырау үнімен бірге соғатын жүректер болады. Ол жүрек – тек өз кеудесі үшін емес, мыңдаған шәкірттің тағдыры үшін лүпілдейді. Күздің сары жапырақтарынан көктемнің бүршік жарған сәтіне дейінгі аралықта мектеп дәлізіндегі әрбір қадамынан мейірім мен білімнің иісі аңқитын, жаны мектеппен бірге тыныстайтын сондай жанның бірі – Айнұр Жақыпова. Ол үшін мектеп жәй ғана ғимарат емес, ол – әр баланың болашағы кестеленетін, үміт пен арман тоғысатын киелі мекен.

Ардақты ұстаздың балалық шағы қасиетті Арал топырағында өтті. 1987 жылы №62 мектептің табалдырығын аттап, білім әлеміне енген сәттен-ақ оның тағдыры осы қара шаңырақпен мәңгілікке байланысатынын сезгендей еді. Кейіннен Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтының «Педагогика және психология» факультетін таңдауы – жай ғана мамандық емес, адам жанының ең нәзік қылдарын тербететін нәзік өнерге деген құштарлық болатын.

2003 жылдан бері 22 жыл бойы өзі түлеп ұшқан №21 орта мектепте табан аудармай қызмет етіп келе жатқан кейіпкеріміздің еңбек жолы – адалдықтың асқақ үлгісі. Психолог болу – ол шәкірттің көзіндегі мұңды сөзсіз ұғу, көңіліндегі кірбіңді жылылықпен жуып-шаю. Айнұр Ермекқызы – бала психологиясының күрделі иірімдерін зерттей отырып, әр оқушының тұлғалық дамуына, эмоционалдық әлемінің бүтіндігіне зор үлес қосты. Оның «Мектеп психологының жасөспірімдердің тұлғалық дамуына ықпалы» атты мақаласы мен «Жаңашыл педагог» төсбелгісі – осы қажымас қайрат пен зерттеушілік рухтың жарқын көрінісі.

Ұстаз бақыты – өзі баптаған гүлдерінің бүршік жарып, биіктерден көрінуі. Ардақты ұстаздың алдын көрген Аманжол Райымбек пен Әйгерім Сағындықова секілді шәкірттер бүгінде ғылым додаларында топ жарып, ұстаз мерейін өсіруде. Бұл жеңістердің артында кейіпкеріміздің түнгі ұйқысын төрт бөліп, шәкірт қабілетін ұштаған өлшеусіз еңбегі жатыр. Халықаралық «Төр ұстаздікі» журналындағы мақалаларынан бастап, аудандық «Үздік психолог» сайысының жеңімпазы атануына дейінгі жол – нағыз маманның шыңдалған сәті.

Мектеппен жаны бірге өрілген кейіпкеріміз тек білікті маман ғана емес, сонымен бірге 4 баланың ардақты анасы, 3 немеренің сүйікті әжесі. Ол жұмыстағы қатал кәсібилік пен үй ішіндегі аналық шуақты тең ұстап, айналасына нұр шашып жүрген жан.

Айнұр Жақыпова – білімнің шырақшысы, шәкірт жанының шипагері. Оның әрбір айтқан сөзі шәкірттеріне үлгі, әріптестеріне шабыт сыйлайды. Ұстаздық жолдың нұрлы белестерінде талмай еңбек етіп келе жатқан абзал жанның қадамы әрқашан сәтті болғай!

Жансая НҰРҚОЖА,

Қызылорда облысы,

Арал ауданы

Таңбалар: Айнұр ЖақыповаАрал ауданымұғалім

Ұқсас мақалалар

Арал ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті
Жаңалықтар

Арал ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

07.08.2026
Аралда әлеуметтік-инфрақұрылым нысандары жұмыс істеп тұр
Әлеумет

Аралда әлеуметтік-инфрақұрылым нысандары жұмыс істеп тұр

09.04.2026
Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы
Аймақ

Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы

16.02.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist