25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арманы асқақ Айболған апай

12 Қаңтар 2026 22:05
- Жаңалықтар, Қайнар
Арманы асқақ Айболған апай
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Шынайы ұстаздық пен аналық бақытты қатар өрген, жаны ізгілікке толы кейіпкеріміздің өмір жолы – көпке үлгі боларлық ғибратты хикая. Қазақтың қасиетті Қазалысы мен Аралының тоғысқан жері, айдынды Қамыстыбастың жағасында 1992 жылы дүние есігін ашқан Айболған Өтеулиеваның болмысы сол өңірдің өр мінезі мен мөлдір тазалығынан нәр алғандай. Оның тұлға болып қалыптасуының берік іргетасы теміржол саласының ардагері, еңбегімен елге сыйлы болған Ордабай әкенің қатаң тәртібі мен он баланы тәрбиелеп өсірген аяулы Дәметкен ананың шексіз мейірімінен құралған. Үлкен шаңырақтың берекелі ортасында, көп баланың ішінде өскен Айболған ерте жастан жауапкершілік пен еңбекқорлықты бойына сіңіріп, 1999 жылы өзі туып-өскен өлкедегі №21 орта мектептің табалдырығын аттады.

Мектеп қабырғасында білімге деген құштарлығымен дараланған ол 2010 жылы оқуын сәтті тәмамдап, болашақ мамандығын жүрек қалауымен таңдады. Сыр елінің білім ордасы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша алған терең білімі оның әлемдік кеңістікке жол ашатын басты қаруына айналды. 2014 жылы еңбек жолын №263 негізгі мектепте бастаған жас маман ағылшын тілінің қыр-сырын шәкірттеріне үйретуде жаңашыл әдістерді қолданып, алғашқы күннен-ақ ұжым арасында беделге ие болды. Бүгінде ол өзі білім алған алтын ұясы – №21 орта мектепте ұстаздық қызметін абыроймен жалғастырып келеді.

Айболған Өтеулиева үшін ұстаздық – жай ғана жұмыс емес, ол шәкірт санасына сәуле шашып, оларды жаһандық әлемнің бір бөлшегі болуға дайындау. Ағылшын тілінің күрделі әлемдік тіл екеніне қарамастан, ол өз оқушыларының бойына тіл үйренуге деген қызығушылықты ұялата білді. Оның әрбір сабағы – ізденіс пен шығармашылыққа толы процесс. Сонымен қатар, ол тек білікті маман ғана емес, отбасының берекесін кіргізіп отырған аяулы жар және екі ұл мен бір қыздың ардақты анасы. Аналық мейірім мен ұстаздық ұлағатты тең ұстаған Айболғанның өмір жолы – адал еңбек пен салиқалы тәрбиенің жемісі. Шәкірттеріне әлемдік тілді үйрете отырып, ұлттық құндылықтарды да ұмытпайтын бұл жанның алдағы асулары бұдан да биік болатыны сөзсіз.

Айболғанның армандары асқақ. Соның бірінде ол өзінің алдынан білім мен тәрбие алып шыққан шәкірттері ағылшын тілін жетік білудің арқасында жер жүзіндегі ең таңдаулы университеттердің бірінде бірегей білім алып шығып, өз салаларының теңдессіз майталман мамандары және ғаламдық деңгейдегі ғұлама ғалым атанып, туған Қазақстанының игілігі мен ізгілігі жолында қалтқысыз қызмет етсе екен дейді.

Жансая НҰРҚОЖА,

Арал ауданы

Қызылорда облысы

Таңбалар: ағылшын тіліАйболған Өтеулиевамұғалім

Ұқсас мақалалар

Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы
Аймақ

Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы

16.02.2026
Әр күні ізденіспен өтіп жатыр
Жаңалықтар

Әр күні ізденіспен өтіп жатыр

06.02.2026
Жүзінен жылылықтың самалы ескен
Жаңалықтар

Жүзінен жылылықтың самалы ескен

06.02.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist