Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Путин Уиткоффқа Донбасты жыл соңына дейін басып алатынын айтты

КИЕВ. 9 қыркүйек. Украина президенті Володимир Зеленський Ресей диктаторының Донбасты жылдың соңына дейін басып алмақ болып отырғанын баяндады. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина президентінің мәліметінше, Владимир Путин өзінің осындай мақсаты бар екенін АҚШ өкілі Стив Уиткоффпен кездесуі кезінде ашып айтқан.

«Путин Уиткоффқа Донбасты жылдың соңына дейін басып алуға уәде берді», – делінген хабарламада.

«Владимир Путин жыл соңына дейін Донбасты басып алмақшы, бұл Ресейдің кемінде тағы екі-үш миллион солдатының өмірлерін қияды», – деді Володимир Зеленський «ABC News» арнасына берген сұхбатында.

«Ол (Путин) америкалықтарға, Ақ үйге және президент Трамптың өкілі Уиткоффқа Донбасты ең көбі екі-үш айда – жылдың соңына дейін басып алатынын айтты», – деді украин лидері.

«Бірақ ол алған бетінен қайтпайды. Мұның құны – жылдар мен миллиондаған адамдар. Ал егер тезірек қимылдаса, миллион емес, тура екі-үш миллион мәйіт шығарылады. Міне, оның құны осы», – дегенді қосты ол сосын.

Мына суретке қараңыздаршы: жылы шуаққа шомылған екеуі – Путин мен Уиткофф бір-біріне қандай сүйіспеншілікпен қадала қарап тұр

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button