БЕЙЖІҢ. 6 қыркүйек. Қытайда Путин мен Щидің «мәңгі өмір» сыралғысындағы пікір алмасулары зор жанжал тудырды. Бұл туралы Reuters ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қытай тарапы Reuters агенттігін «фактілер мен мәлімдемелерді бұрмалады» деп айыптап, Путин мен Щи Жиңпиңнің резонансты әңгімесі түсірілген бейнежазбаны жоюды талап етті.
Бейжіңде Ресей диктаторы Владимир Путин мен Қытай басшысы Щи Жиңпиңнің кездесуі кезінде қосылып тұрған микрофонға байқаусызда түсірілген «мәңгі өмір», «өлместік» туралы гәптері жанжал шығарды.
Бұған дейін Reuters агенттігі Путин мен Щи Жиңпиңнің өмірді 150 жылға ұзарту мүмкіндігін талқылап жатқан төрт минуттық видеосын көрсетті, бірақ агенттік авторлық құқық иесінің, Қытай Халық Республикасының CCTV мемлекеттік телеарнасының өтініші бойынша бұл видеоны жоюға мәжбүр болды.
CCTV «материалды Рейтерстің редакциялық өңдеуі фактілер мен мәлімдемелердің бұрмалануына әкелді» деп мәлімдеді. Нәтижесінде Қытай тарапы агенттікті кадрларды пайдалану құқығынан айырды.
Рейтер агенттігі өз есебінің дұрыс екенін және бейтарап журналистиканың редакциялық стандарттарын бұзбағанын баса айтқанымен, талапты орындап, видеоны алып тастады.
Аталмыш видео әлемнің миллиондаған көрермендері арасында дүрбелең тудырды: «өлместік» туралы әңгіменің фрагменті интернет-мемге айналды.
Кейінірек Путин Қытай басшысымен бірге «мәңгілік жастық шақ» тақырыбын талқылағандарын жоққа шығармай, заманауи медицина жетістіктері қазір өмірді айтарлықтай ұзарта алатынын алға тартты.
Путин мен Щидің бұл әңгімелері әлемді шалқасынан түсіре жаздады. Сөздеріне қарағанда, диктаторлар билік басында мәңгі отыра бергілері келетіндей кейіп танытқан. Бұл адекватты жұртты қатты ойландырып тастады.
USD




