Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

АҚШ генералы: НАТО-ның Калининградты басып алу мүмкіндігі бар

УАШИНГТОН. 18 шілде. АҚШ генералы Кристофер Донахью НАТО-ның Кенигсбергті, яғни Калининградты басып алатын шамасы бар дегенді білдірді. Бұл туралы  DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Еуропа мен Африкадағы АҚШ құрлық күштерінің қолбасшысы Кристофер Донахью Висбаденде НАТО-ның шығыс қапталда тежеу жоспарын ұстана отырып, «Калининград облысын жер бетінен жойып жіберетін» мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Калининград облысы жан-жақтан НАТО-ға мүше елдердің қоршауында тұр, Солтүстік Атлантика альянсы оны «біз бұрын-соңды болмаған уақытта және бұрын-соңды болмаған жағдайда жер бетінен жойып жібере алады». АҚШ-тың Еуропа мен Африкадағы құрлық күштерінің қолбасшысы, генерал Кристофер Донаху 17 шілде күні осыны мәлімдеді.

Defence News басылымының ақпарынша, Донахью германның Висбаден қаласында өткен АҚШ армиясы ассоциацияның бірінші конференциясында «Шығыс қапталдағы тежеу сызығының» жаңа жоспарын ұсынған. Ол альянс шеңберінде жердегі әлеуетті шығайту мен әскери-өндірістік үндестікті қамтамасыз етуді көздейді.

Жоспарға одақтас жүйелерді стандарттау, ұшыру құрылғыларын пайдалану мүмкіндігі және бұлтты технологияларға баса назар аудара отырып, әрекеттерді үйлестіру кіреді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button