Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Қызылорда облысында «Қақпа алдындағы кездесу» шарасы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 шілде. Қызылорда облысында «Қақпа алдындағы кездесу» атты кезекті шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облыстық қылмысты атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінен бостандыққа шыққан азаматшаға арналған «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік іс-шарасы өткізілді.

Шара аталмыш азаматша жазасын толық өтеп, мерзімінің аяқталуына байланысты босатылуына орай ұйымдастырылды. Кездесуге пробация қызметінің мамандары, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен әлеуметтік қорғау саласының мамандары қатысты. Олар босатылған тұлғаға құқықтық кеңес беріп, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек пен бейімдеу қызметтері туралы ақпарат ұсынды.

Шараның мақсаты бостандыққа шыққан азаматшаны қоғамға бейімдеу, оны әлеуметтік ортаға қайта енгізу және қайталама құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді. Бұл қылмыстық жазасын өтеген жандарға екінші мүмкіндік беру арқылы олардың жаңаша өмір бастауларына қолдау көрсетудің нақты көрінісі болып табылады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button