ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Фанаттар «Интердің» ұтылысынан кейін Мессиді мазақ етті (видео)

АТЛАНТА. 30 маусым. Кеше түнде «Интер Майами» француздың «Пари Сен-Жерменінен» 0:4 есебімен жеңілгеннен кейін Мессиді әжуалады. Бұл туралы Oxu.az ақпаратына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Матч 29 маусым күні кешке әлемнің клубтық чемпионатының 1/8 финалы аясында өтті. Командалар Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц Стэдиум» стадионында ойналды.

Ойын барысында атланталық жанкүйерлер «Интер Майамидің» форварды Лионель Мессиді келекеге айналдырды. Фанаттар бұл үшін аргентиналық футболшының шаштары мен тістері түсіп қалған кейпі көрсетілген суреті бар баннерді алып шыққан. Плакаттың шетіне «Интер» мен «Атлантаның» соңғы үш матчындағы нәтижелері жазылған, олардың бәрінде Леоның командасы ұтылған болып шықты.

Ал сөз етіліп отырған кездесудің 6-минутында-ақ париждік Жоау Невеш есеп ашты. Ол Витиньяның орындаған айып добын баспен ұрып, қақпаға сүңгітіп жіберді. 39-минутте Невеш әріптесі Фабиан Руис жеткізген допты тиімді пайдаланып, дубль жасады. Содан соң, 44-минутта «Интердің» қорғаушысы Томас Авилес өз дарбазасына доп кіргізіп алды. Интерліктер үшін пәлекет мұнымен де бітпеді, 45+3-минутта Ашраф Хакими төртінші голды соғып, меймандардың басымдығын шегелей түсті.

Осылайша «Интер Майами» жарыс жолынан шығып қалды, ала ПСЖ келесі кезеңге – ширек финалға өтті. Ол енді «Бавариямен» кездеседі.

1/8 финал

28 маусым. Филадельфия. «Палмейрас» (Бразилия) – «Ботафого» (Бразилия) 1:0

28 маусым. Шарлотт. «Бенфика» (Португалия) – «Челси» (Англия) 1:1, ОТ 1:4

29 маусым. Атланта. «Интер Майами» (АҚШ) – «Пари Сен-Жермен» (Франция) 0:4

29 маусым. Майами-Гарденс. «Фламенго» (Бразилия) – «Бавария» (Германия) 2:4

Енді мына командалар өзара кездеседі:

30 маусым. Шарлотт. «Интер» (Италия) – «Флуминенсе» (Бразилия)

1 шілде. Ордандо. «Манчестер Сити» (Англия) – «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы)

1 шілде. Майами-Гарденс. «Реал Мадрид» (Испания) – «Ювентус» (Италия)

2 шілде. Атланта. «Боруссия» Дортмунд (Германия) – «Монтеррей» (Мексика)

Бұдан әрі 1/4 финалдық кездесулерге кезек келеді.

Онда мына командалардың өзара күш сынасатындары белгілі болып отыр:

4 шілде. Орландо. «Интер»/««Флуминенсе» – «Манчестер Сити» (Англия) – «Аль-Хиляль»

5 шілде. Филадельфия. «Палмейрас» – «Челси»

5 шілде. Атланта. «Пари Сен-Жермен» – «Бавария»

5 шілде. Ист-Ратерфорд. «Реал Мадрид»/«Ювентус» – «Боруссия» Д/»Монтеррей»

Әлемнің клубтық чемпионаты АҚШ-та өтіп жатыр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button