Қарағандыда қазақ әнін салу арқылы қазақша үйренген әнші бар (видео)

ҚАРАҒАНДЫ. 14 маусым. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында қазақ әнін шырқап жүріп, қазақ тілін үйреніп шыққан жан тұрады. Бұл туралы «Сарыарқа» телеарнасы ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Облыстың Бұқар жырау ауданында тұратын этникалық орыс тобының өкілі әндер көмегімен қазақ тіліні жетік меңгеріп алған болып шықты.
Әнші Надежда Тункина репертуары түгелге жуық қазақ әндерінен тұрады. Ол қазақ әндерін шырқауды мектепте оқып жүрген кезінен бастапты. Содан бастап өзі айтатын әндердің мағынасын түсініп алу мақсатында тілді зерттеуге кіріскен. Ол мұны өзі тұратын өлкеге, осы елдегі негізгі ұлтқа деген құрмет деп түсінеді.
Надежда есейгеннен кейін орыс азаматымен тұрмыс құрған. Жұбайы де өзі секілді орыс мектебін бітірген. Бірақ олар өздерінің қыздарын қазақ мектебіне берген екен.
Saryarqatv телеарнасының сюжеті ол жайында кеңірек мағлұмат береді: