Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қазақстандағы АЭС-ті «Росатом» салатын болды

АСТАНА. 14 маусым. Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы бірінші атом электр стансасын салатын болып шешілді. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі «Росатомның» біздің еліміздегі тұңғыш атом электр станциясые салатын болып белгіленгенін жеткізді.

«Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстандағы бірінші атом электр стансасын салу жөніндегі консорциумның көшбасшысын анықтау жұмысын аяқтады. (…) «Росатом» Қазақстанда бірінші атом электр станциясын салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы болып анықталды», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазір «Росатом» компаниясының бастамасымен Ресейден мемлекеттік экспорттық қаржыландыруды тарту мәселесі пысықталуда.

Ашық және бәсекеге қабілетті диалог аясында реакторлық технологияларды әлемдік жетекші жеткізушілердің басшылығымен келіссөздер жүргізілгені, оның ішінде олардың өндірістік нысандарына барғандығы хабарланды. Осы жұмыстардың нәтижесінде әлеуетті серіктестер тізіміне «Росатом» (Ресей), Қытай ұлттық ядролық корпорациясы (Қытай), «Électricité de France» (Франция) және Korea Hydro & Nuclear Power (Оңтүстік Корея) кірді. Барлық қатысушылар Қазақстанда АЭС салу бойынша техникалық және коммерциялық ұсыныстары бар жан-жақты материалдарды ұсынды. Бұл ұсыныстарда жобаның сметалық құны, іске асыру мерзімдері, қаржыландыру схемалары, өндіріс пен құрылысты оқшаулау тәсілдері, кадрларды даярлау және ғылыми базаны дамыту жоспарлары, сондай-ақ ядролық отын цикліне қатысудың және әлеуметтік міндеттемелерді орындаудың ықтимал нысандары көрсетілді.

«Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-мен бірлесіп, француздық Assystem инжинирингтік компаниясының қатысуымен әзірлеген әдістеме негізінде ұсынылған реакторлық технологияларды кешенді бағалау және әлеуетті жеткізушілердің басқа да ұсыныстары, оның ішінде АЭС қауіпсіздігі, технологиялық және қаржылық деңгей, кадрларды даярлау, халықаралық тәжірибе, т.б. агенттігі атап өтті. Талдау нәтижелері Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының ұсыныстарын ең оңтайлы және экономикалық тұрғыдан тиімді деп таныған Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ұсынылды. Қытайлық Қытай ұлттық ядролық корпорациясының ұсыныстары екінші орынға тұрақтаса, француздың Électricité de France және Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power компанияларының ұсыныстары үшінші орынға тұрақтады.

«Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі шетелдік серіктестермен Қазақстандағы бірінші АЭС құрылысы бойынша тиімді халықаралық консорциум құру бойынша жұмысты жалғастырады», – деп қорытындылады агенттік.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button