Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Экс-министр Жақсылықовтың қамалғаны жайлы хабар тарады

АСТАНА. 10 маусым. Бұдан бірнеше күн алдын қызметінен алынған бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны жөнінде қауесет естілді. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Паблик Yedilov Online telegram-арнасының дерегіне сілтеме жасай отырып, экс-министрдің уақытша ұстау оқшаулығына апарылғанын жайып салды.

«2025 жылғы 10 маусымда бұрынғы Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов қамауға алынып, Астана қаласының уақытша ұстау оқшаулығышына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Elmedia мәнбелерінің баяндауларынша, экс-министрді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне ұстаған.

«Біздіңше, бұл қаржы жымқыруға қатысты болуы мүмкін», – деп нақтылады мәнбе.

Nege.kz сайты өз деректеріне сай тінту шараларының бүгін таңертең өткенін, ал экс-министрдің үйінде екенін жазды. ҚазТАГ басшысы Әсет Матаевтың хабарлауынша, бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бір айта кетерлігі, бұрынғы Қорғаныс министрінің ұсталғаны жайлы мәлімет Бас прокурордың жазбасымен тұспа-тұс келеді.

Берік Асылов осы күні Бас әскери прокуратураға Қарулы күштермен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен бірлесіп, «Әскердегі Заң және тәртіп» және «Цифрлық профилактика» атты екі жаңа жобаны енгізуді тапсырғанын атап көрсетті.

Әзірге тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске сала кетейік, 8 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен алып тастаған еді.  Оның орнына орынбасары Дәурен Қосанов келді.

Руслан Фатихұлы Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Қаскелең қаласында туған. Ол Қаңтар оқиғасына байланысты қызметінен кетіріліп, соңында сотталып кеткен Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың орнына 2022 жылғы 19 қаңтарда тағайындалған болатын. Бірақ жаңа министрдің тұсында әскерде сарбаздардың өлімге ұшырау фактілері тіпті қатты көбейіп кетті. Ол жауапсыз шенеунік айтатын «Өкпелесең, көшіп кет» деген сайқымазақ сөзімен де жұрттың есінде қалды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button