Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Сотта экс-судья Жолманованың 1 мдрд теңгені ұрлағаны айтылды

АЛМАТЫ. 4 маусым. Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотында өтіп жатқан процесте экс-судья Светлана Жолмановаға 1 мдрд теңгені жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сотта осы қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөз кезеңі өтті. Мемлекеттік айыптаушы Жолмановаға орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 6 жыл, 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Светлана Жолманова 2021 жылдан 2024 жылға дейін жасалған 48 алаяқтық қылмыс бойынша айыпталып отыр. Айыптау актісінде оның тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу және жалған тендерлік жобаларға қатысуды ұсыну арқылы шамамен 1 миллиард теңгені заңсыз иемденгені атап көрсетілген.

«Нақты сома белгісіз. Себебі, кейбір жәбірленушілер талап-арыздан бас тартты. Ал кейбірі залал көлемін нақтылауы керек болғанымен, оны жасамады. Сондықтан сот шешімін күтеміз», – деді айыпталушының адвокаты Эльдар Ганбаров.

Қорғаушының бұған дейін айтуынша, Жолманова айыптау актісін қарап шығудан бас тартқан. Келесі сот отырысында айыпталушыға соңғы сөз беріледі.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button