Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Украин әскерлері Қырым көпірінің су асты тіректерін жарып жіберді

КИЕВ. 3 маусым. Украина Қарулы күштері (СБУ) арнайы қызметтің Қырым көпірі тіректерін су астынан жарып жібергенін баяндады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина қауіпсіздік қызметі «жаңа бірегей операция» жүргізіп, Қырым көпірі тіректерін су астынан миналағанын жеткізді. Бірінші жарылғыш құрылғы 3 маусым, сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4.44-те іске қосылды.

Сағат 6:00 шамасында «Қрымский мост: оперативная информация» telegram-арнасы Қырым көпіріндегі қозғалыстың уақытша жабылғанын, бірақ өз мәліметі бойынша, таңғы сағат 9:00-ге қарай оның қалпына келтірілгенін атап өтті. Сағат 15:00 шамасында көпірдегі көлік қозғалысы қайтадан тоқтатылған. «Интерфакс» агенттігі Севастополь жол-көлік инфрақұрылымын дамыту дирекциясына сілтеме жасай отырып, қалада теңіз жолаушылар көлігі қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Алайда бұл шараның себебі көрсетілмеген.

СБУ мәліметінше, таңертеңгі су астындағы жарылыс төменгі деңгейдегі көпір тіректеріне қатты зақым келтірген. «Бұған тротил эквивалентіндегі 1100 келі жарылғыш зат ықпал етті. Негізі, көпір апатты жағдайда тұр», – делінген хабарламада.

Қырым көпірінің тіректерін миналау операциясын жоспарлауды СБУ бастығы генерал-лейтенант Василий Малюктің жеке өзі үйлестіргені атап көрсетілген. «Бұған дейін біз Қырым көпіріне 2022 және 2023 жылдары екі рет соққы бердік. Бүгін сол дәстүрді су астында жалғастырдық. Біздің мемлекет аумағында Ресей Федерациясының заңсыз нысандарына орын жоқ. Сондықтан Қырым көпірі біздің заңды нысанамыз болып табылады, әсіресе жаудың оны өзінің логистикалық техникасы ретінде пайдаланғанын ескерсек» деді ол telegram желісіндегі мәлімдемесінде.

Ресей билігі Қырым көпірің тіректерінің жарылысы жөнінде әзірге түсіндірме берген жоқ.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button