Штанмайер: біз азаттық үшін соғысып жатқан Украинаны қолдаймыз

БЕРЛИН. 8 мамыр. ГФР президенті Франк-Вальтер Штайнмайер бүгін бундестагта сөйлеген сөзінде Украинаны қолдайтындарын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Президент бұдан 80 жыл бұрын Германияны фашизм мен нацизмнен құтқарған антигитлерлік коалициядағы елдерге алғыс сезімін білдірді. Ол сонымен қатар XXI ғасырда фюрер Адольф Гитлердің әрекетін қайталап, Украинаға қарсы басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан Ресей президенті Владимир Путинді айыптады. Штанмайер Кремльді өз агрессиясын ақтау үшін тарихты бұрмалап пайдаланып отырғаны үшін кінәлады. Сонымен қатар осы соғыста өз бостандығы жолында шайқасып жатқан украин халқын әркез қолдау білдіретіндерін мәлімдеді.
Мұның алдында Берлин соты 8-9 мамыр күндері Трептов-парктегі азат етуші солдат мемориалына тәу ететіндердің КСРО қызыл жалауымен келулеріне тыйым салған болатын.