Еуропа одағы АҚШ келіссөзден шықса, бар тізгінді өзі қолға алады

БРЮССЕЛЬ. 1 мамыр. Еуропа одағы АҚШ Украинадағы соғыстың бітімгері болудан шығып қалса, оның орнын алмастыратын вариантты дайындап жатыр. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Еуропа одағы АҚШ президенті Дональд Трамп РФ-мен келісім жүргізу бастамасын тастап кететін шығар деген қауіпті жоққа шығармайды.
«Еуропада АҚШ Украинадағы соғыстың делдалы болудан шығып қалған жағдайда іске қосылатын қосымша жоспарды дайындайды», – деді Еуропа одағы дипломатиясының басшысы Кая Каллас.
Еуропа одағы егер АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Украина мен Ресей арасын жақындастыруға бағытталған келісім үдерісінен шығып қалатын болса, Ресейге қарсы санкцияларды сол қалпында сақтап қалудың «Б» жоспарын дайындау үстінде.
Лондонның The Financial Times (FT) газеті 1 мамыр күні Еуропа одағының сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Калласпен жүргізген сұхбатында осы мәселені талқылады. Жоғарғы өкілдің айтуынша, Еуропа қазір АҚШ «Украинаны тастап кетуі мүмкін» деп қауіптенеді, сондықтан оған өзі араласуының варианттарын дайындауда. Алдағы шілде айында, тіпті әдеттегідей Венгрия қарсы дауыс берсе де, Ресейге қарсы санкцияны күшейте түсетін амалдарды іске қосады. Ол АҚШ кеткен жағдайда бұл рөлді Еуропа одағының өз қолына алатынын мәлімдеді. Бұл жағдайда Украинаға әскери көмек көрсету қиындайды, сонда да мұның жолдарын қарастыруға болады.
Каллас бұл текетіресте Қырымның Украина меншігі екеніне АҚШ-ты сендіруге тырысатындарын да айтты.