Марадонаны емдеген дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

БУЭНОС-АЙРЕС. 11 наурыз. Аргентинада Марадонаны емдеген дәрігерлер ұлы футболшы қайтыс болғаннан кейін төрт жылдан соң сотталғалы жатыр. Бұл туралы ВВС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Аргентина футболының аңызға айналған форварды Диего Марадонаның өмірінің соңғы күндерінде онымен бірге болған сегіз медицина қызметкерінің жетеуі сейсенбіде оның өліміне себепкер болды, адам өлтірді және абайсызда қылмыс жасады деп айыпталды.
Марадона 2020 жылы 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды. Осыдан сәл бұрын ол миында ұйыған қанды алып тастауға ота жасатқан. Оның ішімдік пен нашақорлықтан емделгені де белгілі болды.
Елдің прокуратурасы футболшы қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай дәрігерлер мен медбикелерді тергей бастады. 2021 жылы Марадонаның өлімінің мән-жайын зерттеген 20 сарапшыдан тұратын комиссия медициналық топтың әрекетін «орынсыз, жеткіліксіз және жауапсыз» деп тапты. Сарапшылар (сот атап өткендей) аңызға айналған футболшының тиісті медициналық мекемеде дұрыс емделгенде (Марадона үйінде қайтыс болды – BBC) «тірі қалу мүмкіндігі жоғарырақ болар еді» деген қорытындыға келді.
Айыпталғандардың арасында Марадонаның нейрохирургы Леопольдо Луке (ол да оның жеке дәрігері), психиатр және медбикелер бар. Олардың барлығы футболшының өліміне кінәлі екендерін жоққа шығаруда.
Енді айыпталушылар өз әрекеттері өлімге әкелетінін біле тұра, оны ауруханаға жеткізбей, абайсызда оны өлтіріп алған деп танылса, олар сегіз жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Диего Марадона футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі болып саналады. ФИФА ресми сайтындағы дауыс беру нәтижесі бойынша ол 20-ғасырдың үздік футболшысы деп танылды.
1986 жылғы әлем чемпионатында Диего Марадона Аргентина құрамасының капитаны болды, содан кейін Англияға қарсы ширек финалда ол өзінің атышулы голын қолымен соқты, мұны кейін ол «Құдайдың қолы» деп атады.
Марадона мансабының екінші жартысында кокаинге тәуелділіктен зардап шекті және 1991 жылы есірткіге оң нәтиже бергеннен кейін 15 айға спорттан шеттетілді.
Марадонаның өлімі Аргентинада COVID-19 пандемиясы орын алып жатөан кезде орын алды.
Аргентинаның «Бока Хуниорс» және итальянның «Наполи» клубтарының бұрынғы шабуылшысын ақырғы сапарға шығару жаназасына ондаған мың адам онымен қоштасуға келіп, Президент сарайына қойылған табыты жанында сапқа тұрды.
Жүзден астам куәгер, соның ішінде Марадонаның отбасы мүшелері мен оны жылдар бойы емдеген дәрігерлер, Буэнос-Айрестің түбіндегі Сан-Исидро сотына жауап береді.
Тыңдаулар шілде айына дейін жалғасады деп күтілуде.
Марадона Буэнос-Айрестің элиталық аймағындағы жалдамалы үйінде, төсегі үстінде өлі күйде табылды, ол ауруханадан шыққаннан кейін жеткізілді. Бұл оқиға операциядан соң екі аптадан кейін болды.
Футболшының жүрек талмасынан қайтыс болғаны анықталды.
Түнгі медбике «алаңдайтын белгілерді» көргенін, бірақ дәрігерлердің Марадонаны оятпауды бұйырғанын айтты.
Ал футболшыны өлі күйінде тапқан күндізгі медбике өзінің ісін қазылар алқасының бөлек қарауын сұрады.
Прокурорлар бір топ дәрігерлерді Марадонаға қажетті талаптарға сай келмейтін үй күтімін жақсартудыі талап етпеді, мысалы, дефибриллятор болмаған және алкоголизм мен нашақорлықты емдеуге мамандандырылған дәрігерлерді тұрақты қатысьтырмады деп айыптады.
Оның айтуынша, хабарламада атап өтілгендей, медициналық команданың стратегиясы Диего қыздарының іске араластырмау болыпты, «себебі, олар араласса, дәрігерлер өз ақшаларынан айырылып қалады» дегенге сайыпты.
Психиатр Агустина Косачованың адвокаты Вадим Мищанчук ақтау үкімінің мүмкіндігіне өте оптимистік көзқараспен қарайтынын айтты. Ол өзінің клиенті Марадонаның дене емес, психикалық денсаулығына жауапты болғанын айтады.
1970 жылдары «Алтын балақай» деген лақап ат алған футболшы өзінің талантын «Аргентинос Хуниорс клубында» ойнап жүрген кезінде жарқыратып ашқан.
«Бүкіл қоғам білуі керек … шын мәнінде не болғанын, оны кім тастап кеткенін … және кім кінәлі болса, соның бұл үшін төлеуі керек екенін», – деді зейнеткер Хилда Перейра «Франс Пресске».
Марадона «бұлайша жападан жалғыз өле салуға лайық емес еді», деді ол сосын.