Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Украина Ресейдің бұғатталған активтерінен алғашқы қаржыны алды

ЛОНДОН. 8 наурыз. Ұлыбритания Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен кіріспен қамтамасыз етілген алғашқы 752 миллион фунт стерлингті Украинаға аударды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина премьер-министрі Денис Шмихалдың айтуынша, бұл ақша Украина Қарулы күштерінің қорғаныс қабілетін нығайтуға жұмсалады.

Украина «Үлкен жетілік» бастамасы аясында Ұлыбританиядан Ресейдің «қатырылып тасталған» сырттағы активтерінен түскен кіріспен қамтамасыз етілген қаражатының бірінші траншын алды. «Бүгін біз G7 ERA бастамасы аясында 752 миллион фунт стерлинг алдық. Бұл қаражат Украинаның қорғаныс қабілетін нығайтуға жұмсалады», – деп жазды ол 7 наурыз, 7 наурыз күні өзінің Telegram-каналында.

Шмихал Ұлыбритания үкіметі мен G7 серіктестеріне «Ресей қаражатын Украинаға жұмыс істететін тетік тапқаны үшін» алғыс айтты. «Біз болашақта Ресей Федерациясының барлық егеменді активтері тәркіленіп, біздің мемлекетке өтеді деп күтеміз», – деп атап өтті украин үкіметінің басшысы.

G7 Украинаға 50 миллиард долларға несие берді

Лондон бөлген ақша Украина үшін төтенше кірістерді жеделдету (ERA) бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, оған сәйкес G7 елдері Украинаға Ресей Орталық банкінің Батыстағы «қатырып тасталған» активтерінен пайда түрінде жалпы сомасы 50 миллиард доллар несие береді.

Биылғы 1 наурызда Ұлыбритания мен Украина 2,26 миллиард фунт стерлинг (шамамен 2,74 миллиард еуро) көлемінде кредит беру туралы келісімге қол қойды. Бұл несие Украинаның өзін Ресей агрессиясынан қорғау үшін әскери сатып алуларын қаржыландыруға жұмсалады деп күтілуде. Ол санкцияларға ұшыраған ресейлік егемен активтерден түскен пайда арқылы өтеледі.

Ресей Ұлыбританияның мүлкін тәркілемекші

Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Ұлыбританияның «Ресейге тиесілі қаражатты» Украинаға беруін халықаралық құқықты өрескел бұзу деп атады. «Олар қазір жомарттықпен беріп жатқандарын әлі Ресейге қайтаруға мәжбүр болады», – деп, мемлекеттік думаның баспасөз қызметі оның кіжінген сөзін келтірді.

Спикердің айтуынша, қазір Ресейде бұған «заттай жауап беруге де, елдегі британдық мүліктерді тәркілеуге де толық негіз бар».

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button