Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Британия мен Франция Украина үшін бейбітшілік жоспарын жасайды

ЛОНДОН. 2 наурыз. Ұлыбритания, Франция және тағы бір-екі ел Украинамен АҚШ ұсынатын жаңа бейбітшілік жоспары бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы UNIAN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

The Guardian газетінің жазуынша, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер осыған бастамашы болып отыр. Ол осыған байланысты тиісті келісімге Украина президенті Володимир Зеленський және Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздер барысында қол жеткізілгенін атап өтті.

Британ премьер-министрі Зеленськийге деген сөз саптауы мен көзқарасына қарамастан, «Трамп Украинада ұзақ мерзімді бейбітшілікті көргісі келеді» деп санайды.

Атап өтілгендей, Стармер «ұзақ мерзімді бейбітшіліктің» аясында «АҚШ-тың қорғаныс тетігін», сондай-ақ Еуропа елдері ұсынатын «қауіпсіздік кепілін», тағы сондай Ресейдің басып кіруіне қарсы тұра алатындай қорғаныс қару-жарақтары бар «күшті Украинаны» алға тартып отыр.

Стармердің айтуынша, осылардың бәрінің ішіндегі ең нашар нәтиже Ресей билеушісі Владимир Путиннің келісілген атысты тоқтату келісімін бұзуы болды.

«Егер келісімге қол жеткізілетін болса, соғыс қимылдары тоқтатылатын болса, онда бұл келісімді қорғау керек екенін анық білемін, өйткені бәрінен де жаман нәтиже – уақытша үзіліс жарияланып, содан кейін Путин соғысқа қайтып кірісіп жатса болады», – деді британ басшысы.

Ол «мұндай жағдай өткенде болған» дегенді де қосты, сондықтан «егер келісімге қол жеткізілсе, бұл уақытша үзіліс емес, ұзақ мерзімді келісім болатынына» көз жеткізу керек.

Бұған дейін хабарланғандай, Украина президенті Володимир Зеленський 1 наурызда Лондонға барады, онда премьер-министр Кир Стармермен кездеседі. Олардың арасындағы келіссөздер бір күн бұрын Зеленськийдің АҚШ президенті Дональд Трамппен «сәтсіз» кездесуінен кейін ерекше мәнге ие болғаны атап өтілді.

Стармер 1 наурыз, сенбі күні Зеленськиймен кездесуінде оған АҚШ президенті Дональд Трамппен қарым-қатынасты жақсартуға және АҚШ-пен пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қайта оралуға кеңес берді. Стармердің ойынша, кез келген бейбітшілік Құрама Штаттардың кепілдігінсіз ұзаққа бармайды.

Премьер-министр Стармер Ұлыбританияның Украинадағы бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін әскері мен ұшақтарын жіберуге дайын екенін бірнеше рет айтқан. «Біз бәрін дұрыс істеуіміз керек. Біз бейбітшілікке жетуіміз керек. Агрессорды марапаттайтын бейбітшіліктің болуы мүмкін емес. Тарих басқыншының емес, бітімгердің жағында болуы керек», – деді ол.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button