Ұлыбритания Украина үшін теңіз дрондарын жасап шығарады

ЛОНДОН. 8 ақпан. Ұлыбритания Украина әскерлерінің пайдалануы үшін екі жүргізушісіз теңіз кемесі жасап жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ұлыбританияның қорғаныс сатылымдары министрі Мария Иглдің парламентке жолдауына сілтеме жасаған Naval Technology (NT) басылымы осының жайын тарқатып жазды. Британ парламентарийлеріне берген жауабында министр 4 ақпан күні Wasp («Сона») және Snapper («Теңіз алабұғасы») деп аталатын теңіз дрондарын шығару жөніндегі бағдарлама бойынша жұмыс жүріп жатқанын баяндады. Мәтбұғат жазғандай, Британия қорғаныс министрі Джон Хилли мұның алдында, 28 қаңтарда жыл сайынғы дәстүрлі кешкі ас кезінде аталмыш жобалар жайын еске салып өткен болатын.
Мария Игл Wasp пен Snapper-дің Украинаға қолдау көрсету үшін арнайы дайындалған «жаңа пилотсыз теңіз жүйелері» екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл дрондар қазір соңғы сынақтан өтіп жатыр және оларға тиісті қосымша ақпарат «уақыты келгенде» жарияланатын болады.
Ал Қорғаныс министрлігі теңіз технологияларына қатысты жобалар туралы қандай да бір қосымша мәліметтерді ашудан бас тартты.
Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер қаңтар айының ортасында Киевке сапары кезінде бұл жүйелердің жеткізіліп берілетінін растады. Британ үкіметінің веб-сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, Gravehawk қысқа мерзімде Украина армиясының қажеттіліктері үшін әзірленген және оның екі прототипі 2024 жылдың қыркүйегінде Украинада сынақтан өткен.